БЖБ 10-сынып Геометрия, 3-тоқсан ЖМБ жауаптар «Кеңістіктегі перпендикулярлық»
«Кеңістіктегі перпендикулярлық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Геометрия 10-сынып 3-тоқсан (жаратылыстану-математикалық бағыт)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып оқушыларына «Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың бөлім бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген
БЖБ 10-сынып Геометрия, 3-тоқсан ЖМБ жауаптар «Кеңістіктегі перпендикулярлық»
«Кеңістіктегі перпендикулярлық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Тікбұрышты параллелепипед
Жазық фигураның жазықтыққа ортогональ проекциясы және
оның ауданы
Оқыту мақсаттары 10.1.2 Тікбұрышты параллелепипед анықтамасын және
қасиеттерін білу
10.3.7 Тікбұрышты параллелепипедтің қасиеттерін
қорытып шығару және есептер шығаруда қолдану
10.3.6 Жазық фигураның жазықтыққа ортогональ
проекциясы ауданының формуласын білу және оны
есептер шығаруда қолдану
Бағалау критерийлері Білім алушы
Тікбұрышты параллелепипедтің қасиеттерін
қолданады
Жазық фигураның жазықтыққа ортогональ
проекциясы ауданының формуласын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1.
а) Тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері: 1; 4 және 5. Оның диагоналын есептеңіз.
b) Тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері: 3; а; 2 және оның көлемі 24.
Тікбұрышты параллелепипедтің белгісіз өлшемін табыңыз.
2. Үшбұрыштың ауданы 28, ал оның α жазықтығындағы проекциясының ауданы 4√5.
α жазықтығы мен үшбұрыш арасындағы бұрыштың косинусын табыңыз.
3. Тең бүйірлі үшбұрыштың ортогональ проекциясы – қабырғасы 4 см болатын дұрыс
үшбұрыш және тең бүйірлі үшбұрыштың табаны оның проекциясының бір
қабырғасымен беттеседі. Егер, осы үшбұрыштарды қамтитын жазықтықтардың
арасындағы бұрыш 600
болса, онда тең бүйірлі үшбұрыштың табанына түсірілген
биіктікті табыңыз.
Cкaчaть документ