БЖБ 10-сынып Алгебра, 4-тоқсан ЖМБ жауаптар «Туындының қолданылуы»
«Туындының қолданылуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Алгебра 10-сынып 4-тоқсан (жаратылыстану-математика бағыты)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
БЖБ 10-сынып Алгебра, 4-тоқсан ЖМБ жауаптар «Туындының қолданылуы»
«Туындының қолданылуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Функцияның өсу және кему белгілері
Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелері
Функция графигінің иілу нүктелері, функция графигінің
дөңестігі. Функцияны дөңестікке зерттеу
Туындының көмегімен функцияны зерттеу және графигін
салу
Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері
Оқу мақсаты 10.4.1.27 Функцияның өсу (кему) аралықтарын табу
10.4.1.29 Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум
нүктелерін табу
10.4.1.32 Функция графигінің дөңес (ойыс) аралықтарын
таба білу
10.4.3.3 Функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға
байланысты қолданбалы есептер шығару
Бағалау критерийі Білім алушы:
Функцияның өсу және кему аралықтарын, экстремум
нүктелерін табады
Функцияның ойыс және дөңес аралықтарын, иілу
нүктелерін табады
Туынды көмегімен оңтайландыру есептерін шешеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. 𝑓(𝑥) = 𝑥
4 −
16
3
𝑥
3 + 8𝑥
2 −
1
3
функциясы берілген.
а) функцияның экстремум нүктелерін тауып, экстремум нүктенің түрін анықтаңыз;
b) функцияның өсу және кему аралықтарын табыңыз;
с) функцияның екінші ретті туындысын табыңыз;
d) функция графигінің иілу нүктесін табыңыз;
е) функцияның дөңес және ойыс аралықтарын табыңыз;
2. Төмендегі суретте беті ашық ыдыс бейнеленген. Бұл ыдыс параллелепипед пішіндес
және ол тіктөртбұрышты металдан жасалған. Ыдыстың ені мен биіктігі x метр,
ұзындығы у метр.
Ыдыстың көлемі 36 м
3
.
Cкaчaть документ