БЖБ 10-сынып Алгебра, 1-тоқсан ЖМБ жауаптар «Функция, оның қасиеттері және графигі»
«Функция, оның қасиеттері және графигі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Алгебра 10-сынып 1-тоқсан (жаратылыстану-математика бағыты)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
БЖБ 10-сынып Алгебра, 1-тоқсан ЖМБ жауаптар «Функция, оның қасиеттері және графигі»
«Функция, оның қасиеттері және графигі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Функция және оның берілу тәсілдері. Функциялардың
графиктерін түрлендіру
Функцияның қасиеттері
Бөлшек-сызықты функция
Күрделі және кері функция ұғымдары
Оқу мақсаты 10.4.1.2 Функция графигіне түрлендірулер орындай алу
(параллель көшіру, сығу және созу)
10.4.1.4 Функцияның берілген графигі бойынша оның
қасиеттерін:
1) функцияның анықталу облысы
2) функцияның мәндер жиыны
3) функцияның нөлдері
4) функцияның периодтылығы
5) функцияның бірсарындылық аралықтары
6) функцияның таңбатұрақтылық аралықтары
7) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері
8) функцияның жұптылығы,тақтылығы
9) функцияның шектелгендігі
10) функция үзіліссіздігі
11) функцияның экстремумдары сипаттай алу
10.4.1.5 , с 0
бөлшек-сызықты функциясының
қасиеттерін анықтау және оның графигін салу
10.4.1.7 f(g(x)) күрделі функциясын ажырата білу және
функциялар композициясын құру
Бағалау критерийі Білім алушы:
Функция графигі бойынша оның қасиеттерін
сипаттайды
Берілген функция графигіне түрлендірулер
орындайды
Бөлшек-сызықтық функцияның асимптоталарын
анықтап, графигін салады
Күрделі функцияның анықтамасын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Cкaчaть документ