БЖБ Дүниежүзі тарихы, 9-сынып 2-тоқсан жауаптар «Тоталитаризм мен демократияның қарама-қарсы тұруы»
«Тоталитаризм мен демократияның қарама-қарсы тұруы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Дүниежүзі тарихы» 9-сынып 2-тоқсан
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, йымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ Дүниежүзі тарихы, 9-сынып 2-тоқсан жауаптар «Тоталитаризм мен демократияның қарама-қарсы тұруы»
4-бөлім «Тоталитаризм мен демократияның қарама-қарсы тұруы» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
Тақырып 1927-1939 жылдарда кеңестік қоғам қаншалықты өзгерді?
Неліктен 20-30-жылдарда Жапонияда милитаризациялау
процесі күшейді?
Нацистердің саясаты Германия тұрғындарына қандай әсерін
тигізді?
Оқу мақсаты 8.1.1.2 Социалистік қоғамның дамуына байланысты әлеуметтік
топтардың (жұмысшы табы, шаруалар, зиялылар)
мәртебесіндегі өзгерісті талдау
8.1.2.1 Қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге
реакцияшыл идеологиялардың (фашизм, тоталитаризм,
нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалын
талдау
8.3.1.2 Тоталитаризм, әміршіл-әкімшіл жүйе сияқты саяси
режимдердің қалыптасу алғышарттары мен тарихын
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
Социалистік қоғамның әлеуметтік топтардың
мәртебесіне әсерін талдайды
Реакцияшыл идеологияның әлеуметтік жағдайға
ықпалын талдайды
Саяси режимдердің қалыптасу алғышарттары мен
тарихын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Берілген мәтінді қолданып, КСРО-дағы 1920-1930 жылдардағы қабылданған шешімдердің
әлеуметтік топтарға әсерін салалар бойынша талдаңыз.
1926—1928 жылдарда Кеңес үкіметі ескі зауыттар мен фабрикаларды жөндеуге және
жаңа кәсіпорындарды салуға арналған қаржыны 3 есе көбейтті. 1930 жылдардың соңында
Кеңес Одағы өнеркәсіп өнімін шығару жөнінен Еуропада бірінші орынға және дүниежүзінде
екінші орынға шығып, индустриялы-аграрлы елге айналды.
1932—1933 жылдарда ел ашаршылыққа ұшырады. Украинада, Едiл бойында,
Қазақстанда сансыз адам қырылды. Қазақ ұлты 2,5 млн-нан астам адам шығынын шекті. 1937
жылы шаруалардың 93%-ы ұжымшар қатарында болды.
1930 жылы лагерьлерді басқаратын ОГПУ құрылып, кейін ол ГУЛАГ ОГПУ атала
бастады. Халық жауы деп айып тағылған тұтқындар аса ауыр жағдайларда ұсталды.
Экономикалық сала__________________________________________________
Саяси сала _________________________________________________________
Әлеуметтік сала____________________________________________________
Мәдени сала________________________________________________________
2. Жапонияға реакцияшыл идеологияның әлеуметтік жағдайға ықпалын талдаңыз.
Идеологиялар Қоғамға ықпалы
тоталитаризм
шовинизм
Cкaчaть документ