БЖБ Қазақ тілі, 9-сынып 3-тоқсан жауаптар «Отбасы және демографиялық өзгеріс»
«Отбасы және демографиялық өзгеріс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі» 9-сынып 3-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 9-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Қазақ тілі, 9-сынып 3-тоқсан жауаптар «Отбасы және демографиялық өзгеріс»
«Отбасы және демографиялық өзгеріс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.1.4.1 Мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау
9.4.4.2 Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін
ажырата білу, түрлендіріп қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтіннің негізгі ойын анықтайды
Салалас құрмалас сөйлемдерді мағыналық түріне
қарай түрлендіріп қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Қазақстанда халық саны 2017 жылғы 1 қыркүйектегі есеп бойынша 18 074,1 мың
адамға жетті. 2016 жылдың 1 қыркүйегімен салыстырғанда, 232,5 мың адамға көбейіп, өсім
1,3 пайызды құрады. Есепті кезеңде Қазақстанда қала халқының саны 10 367,4 мың адам,
ауыл халқының саны 7706,7 мың адам болған. Азаматтық ахуалды тіркеу органдарының
берген мәліметтерді өңдеу нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында 257,5
сәби дүниеге келгені анықталды, бұл көрсеткіш 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда
6,5%-ке аз. 1 мың адамға шаққанда жалпы туу коэффициенті 21,45-ті құрайды. Республика
халқының табиғи өсімі осы кезеңде 2016 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 17,3
мың адамға немесе 9,3%-ке қысқарып, 169,4 мың адамды көрсетті. Халық санының табиғи
өсу коэффициенті 1 адамға шаққанда 14,11 адам болды. Осы есепті кезеңде 88,1 мың адам
қайтыс болды, бұл 2016 жылдың қаңтар-тамызындағы көрсеткіштен 0,8 пайызға аз деген
сөз. 1 мың адамға шаққандағы жалпы өлім коэффициенті 7,34-ті құрады. 2017 жылдың
қаңтар-тамызында республикада 1 жасқа дейінгі балалардың 2140 өлімі тіркелді, яғни 2016
жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 13,7%-ке қысқарған.
1. Мәтін не туралы? Қандай мақсатта жазылған?
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
2. Сұраққа жауап беру арқылы мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.
Елімізде демографияны дамыту қаншалықты маңызды?
Э (экономикалық) С (саяси) Ә (әлеуметтік)
Негізгі ойы:
3. Суреттерді қолданып, сюжетті әңгіме айтыңыз. Әңгімелеу барысында салалас құрмалас
сөйлемдер қолданыңыз.
Cкaчaть документ