Тіркелгі жасаңыз
Педагогическая копилка » KAZ » ТЖБ Химия 8 сынып 4-тоқсан жауаптар

ТЖБ Химия 8 сынып 4-тоқсан жауаптар

04 ноя 2024, 22:00
KAZ / Химия kaz
3
0

«Химия» 8 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Химия» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

ТЖБ Химия 8 сынып 4-тоқсан жауаптар

«Химия» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі
1. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерісі алмаз бен графиттің құрылысы бойынша негізгі
айырмашылығын анықтаңыз.
A) алмаз жұмсақ, графит қатты
B) алмаз электр тогын өткізбейді, ал графит өткізеді
C) алмаз молекуласында көміртек атомы төрт, ал графитте үш ковалентті полюссіз
байланыстармен байланысқан
D) алмаз молекуласында көміртек атомдары белгілі бір парралель жазықтықтарда
орналасқан, ал графитте тығыз жанасып орналасқан тетраэдр
[1]
2. Көмірқышқыл газын тексеру жолдарын анықтаңыз.
1) көмірқышқыл газын әк суы арқылы өткізгенде әк суы лайланады
2) шала жанған шыраны көмірқышқыл газына апарғанда лапылдап жанады
3) жанып тұрған шыраны көмірқышқыл газына апарғанда шыра сөніп қалады
4) жанып тұрған шыраны көмірқышқыл газына апарғанда "ПАХ!!!" деген дыбыс
шығарып, жанады
A) тек 1, 3
B) тек 2, 4
C) 1, 3, 4
D) 2, 3, 4
[1]
3. Автокөліктердің іштен жанатын қозғалтқыштарындағы отынның және пештегі отынның
шала жануы барысында көміртек монооксиді түзіледі. Оның тарихи атауы - иіс газы. Олай
аталу себебі, ол - иіссіз, түссіз улы газ. Көміртек монооксидімен улану белгілерін
көрсетіңіз.
А) бас ауруы, құсу, тыныс алудың қиындауы
B) құсу, бас айналу, жүрек қағысының артуы
C) бас айналу, бас ауруы, тыныс алудың қиындауы
D) жүрек қағысының төмендеуі, тыныс алудың жиілеуі
[1]
4. Кермектілік туралы дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз:
1. Кермектілікті туындататын катиондар Mg2+және Ca2+
2. Кермектілікті туындататын металдар Mg және Ca
3. Кермектілік тұрақты және уақытша болып бөлінеді
4. Тұрақты кермектілікті СО3
2− және НСО3
− иондары туындатады
5. Уақытша кермектілікті жою тәсілінің бірі - қайнату
A) тек 1,3
B) тек 5
C) 1,3,5
D) 2,4,5
[1]



Cкaчaть документ
Құжаттың толық нұсқасы сайтта қол жетімді, кейін
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.