Coздaть aкaунт
Педагогическая копилка » KAZ » БЖБ Қазақ тілі 8-сынып 1-тоқсан жауаптар «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография»

БЖБ Қазақ тілі 8-сынып 1-тоқсан жауаптар «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография»

02 ноя 2024, 21:49
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
0
0

«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 8-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 8-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі 8-сынып 1-тоқсан жауаптар «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография»

Бөлім «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография»
Оқу мақсаты8.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған
ақпараттан астарлы ойды анықтау
Бағалау критерийіБілім алушы
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді
Мәтіннің астарлы ойын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді тыңдап сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақтар:
1)Көне руна жазуын мелекеттік деңгейде атап өту туралы мәселіні кім қайда қашан
көтерді?
2)Бұл бастаманы қолдаушылар көне руна жазуының күндерін арнайы атап өту не
үшін маңызды деп санайды?
3)Көне жазулардың ішінде ұзақ жылдар бойы аталып, ереркше тойланып келе
жатқандары бар ма?
4)Көне руна жазуының мәртебесін көтеру мақсатында ел ағалары қандай шаралар
атқаруда?
Келесі жылдан Қазақстанда көне руна жазуы күні мемлекеттік деңгейде атап өтіледі.
Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен түркі жазбалары мен мәдени күндерінің аясында Кимек
мемлекетінің 1100 жылдығына арналған «Еуразия қыпшақтары: тарих, тіл және жазба
ескерткіштері»халықаралықғылымиконференциясындатүркітанушығалымАлдан
Смайыл мәлім етті: «Көне жазулардың тарихын мектеп оқушылары білмейді. Біз соны осы
күнге дейін тереңдетіп оқыта алмай отырмыз. Сонда не істеуіміз керек?Осының барлығын
ойлай келе, өткен жылы Үкіметке тағы да хат жолдадық. Хаттың негізгі мақсаты – руна
жазуының күндерін біз арнайы өткізуіміз керек. Ғылыми тұрғыда, салтанатты тұрғыда
дейсіз бе, әйтеуір өткізуіміз қажет», – деді ол. Ғалым, осы ретте, славян елдерінің бізге
үлгі көрсетіп келе жатқанына талай жылдың болғанын атап өтті. «Славян жазуы күнінің
халықаралық деңгейде өткізіліп келе жатқанына он жылдан асып кетті. Олар жай ғана
өткізбей, славян мәдениетінің ұлылығын дәлелдеуге арнайды. Әлемде тек қана бір тіл ғана
болған сияқты, ол славян жазуы сияқты өткізеді. Соған әлемдегі бүкіл славянтанушы
ғалымдарды шақырады, тіпті барлық республикада, Қазақстанның өзінде өткізіп келе
жатырмыз. Целиноград қаласы болып тұрғанда, славян жазбасының күні осы жерде өтті.
Алруна-сынажазуытуралыештеңедемейміз.Солтойларөтіпжатқанда,іштей
қынжылатынбыз.Одандабұрынпайдаболғанкөнежазуымызбар.Тіптікейбір
ғалымдардың дәлелдеуінше, грек әліпбиіне, кириллицаға негіз болған руна жазуын неге
дәріптемейміз деп іштей толғанатынбыз», – деп ой бөлісті түркітанушы.
Осыған байланысты ғалымдар таяуда тағы да республика Премьер-министріне сауал
жолдаған. Олар сына жазуының, жалпы түркі жазбаларының тарихын мектепте және
жоғары оқу орындарында тереңдеп болмаса да, жеткілікті деңгейде оқыту қажеттігін алға
тартқан. Ол үшін арнайы ғылыми-әдістемелік бағдарлама әзірлеу керек. «Екіншіден,
Қазақстанда жыл сайын сына жазуы күнін атап өтуіміз керек. Осыған тек қана біз емес,
түркі тілдес елдердің ынтымақтастығы кеңесі, халықаралық түркі академиясы, түркі тілдес
елдердің парламенттік ассамблеясының күшін біріктіре отырып, түркі әлемінде өткізу
туралы ұсыныс жасаған едім. Біздің ұсынысымызды мақұлдаған жауап алып отырмыз», –
деп сөзін түйіндеді түркітанушы ғалым.
2.Мәтіннің негізгі айтар ойы неде? Клишеге сүйеніп екі сөйлеммен ой түйіндеңіз.
Клише:
Менің ойымша негізгі ойы... . Оған ... дәлел бола алады.


Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.