Тіркелгі жасаңыз
Педагогическая копилка » KAZ » БЖБ Қазақ тілі 7-сынып 2-тоқсан жауаптар «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология»

БЖБ Қазақ тілі 7-сынып 2-тоқсан жауаптар «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология»

31 окт 2024, 20:13
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
63
0

«Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 7-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 7-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі 7-сынып 2-тоқсан жауаптар «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология»

Бөлім «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология»
Оқу мақсаты 7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру
7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай
көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын
мақала құрастырып жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Білім алушы
 Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады
 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай
ақпараттық мақала құрастырып жазады
Жоғары деңгей дағдылары
15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқып, мазмұны бойынша кем дегенде үш проблемалық сұрақ
құрастырыңыз.
Домбыра туралы аңыз
Домбыра аспабының қалай пайда болғаны жайлы аңыз әңгімелер аса мол. А.Сейдімбек
«Күй шежіре» еңбегінде домбыра аңыздарына ерекше назар аударған. Соның бірі Шығыс
Қазақстан облысы Күршім ауданынан Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың баяндауындағы
«Қос ішек» күйінің аңызы.
Ертеде биік таудың қиясын тұрақ еткен, бұғы-маралды аулап азық етіп күнін көрген
бір аңшы жігіт болады. Бірде жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл марал атып
алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын ақтарып тастайды. Содан арада айлар
өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал тұс еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге
соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың
ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп
қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады.
Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы
дыбыс шығарады. Бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы
жігітті алуан түрлі күйге түсіреді. Сол жерде аңшы жігіт қой мына қос ішекке тіл бітейін
деп тұр екен, бір амал жасайын деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос
ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя
береді. Бұл үн жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады.
Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады.
2. Мектебіңізде домбырада ойнайтын оқушылар арасында сайыс болды деп елестетіңіз.
Мектепшілік газеттің тілшісі ретінде тезистік жоспарға сүйене отырып, «Мектептегі
домбырашылар сайысы» тақырыбында шағын ақпараттық мақала құрастырып жазыңыз.
Тезистік жоспар:
1) Сайыстың тақырыбы, өткен мерзімі, не мақстапен ұйымдастырылғандығы туралы
мәлімет;
2) Сайысқа қатысушылар туралы ақпарат, олардың өнерлері, орындаған күйлері
туралы сипаттамалық мәлімет;
3) Сайыс қорытындысы, жеңімпаздарды марапаттау, қорытынды ой.



Cкaчaть документ
Құжаттың толық нұсқасы сайтта қол жетімді, кейін
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.