Тіркелгі жасаңыз
Педагогическая копилка » KAZ » БЖБ Қазақ тілі 8-сынып 4-тоқсан жауаптар «Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис»

БЖБ Қазақ тілі 8-сынып 4-тоқсан жауаптар «Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис»

02 ноя 2024, 21:58
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
3
0

«Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 8-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 8-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі 8-сынып 4-тоқсан жауаптар «Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис»

Бөлім «Театр өнері мен мәдениеті.Синтаксис»
Оқу мақсаты8.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған
ақпараттан астарлы ойды анықтау
Бағалау критерийіБілім алушы
Тыңдалған мәтінді түсінеді
Мәтіннің астарлы ойын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақтар:
1)Сұхбат берушінің пікірінше, әзіл-сықақ театрларының кемшілігі неде?
2)Өнердіңдамуыүшінөнериелерініңеңбектерінелайықтыеңбекақытөленуі
міндетті ме?
3)Өнер адамдары таланттан бөлек қандай қабілеттерге ие болуы керек?
4)Қазақстандағы театрлардың жағдайы қандай күйде?
Белгілісыншы,мәденисарапшы,еліміздіңеңбексіңіргенқайраткеріӘлия
Бөпежанова қазіргі сатиралық театрлар туралы өз пікірін білдірді.
Қазірәзіл-сықақтеатрларыныңсаныбар,сапасысынкөтермейдідепкөп
айтылып, жазылып жүр. Театр сыншысы ретінде сіздің ойыңыз қандай?
– Қазір әзіл-сықақ театрлары көп. Жалпы, қазір әзіл-сықақ театрлары жан-жақты.
Негізінен бүгінгі күннің әлеуметтік мәселелерін көтереді. Бірақ бір айтатын мәселе: олар
қоғамдық әлеуметтік мәселелерден гөрі отбасы-ошақ қасы, тілді дұрыс айтпау, құда-
құдағилар сияқты жеңіл-желпі тақырыптарды шиырланқырап қалып жүр. Көпке топырақ
шашуға да болмайды.
– Әзіл-сықақ театрларының одан бөлек тағы қандай кемшіліктері сізді ерекше
алаңдатады?
– Меніңше, театрлардың басты проблемасы материалдарды өздері жазып ала салады.
Тақырыпқа жеңіл-желпі қарайды. Сахнаға шығып әйтеуір жұртты күлдірсек болды дейтін
сияқты. Тағы бір мәселе: қазіргі жастар сахнаға шығып алып, өздерін жарнамалауға бейім.
Оныөздерідебайқамайды.Бұлсахналықмәдениеткетомпақнәрсе.Сондай-ақ
телеарналарда демалыс күндері, түнгі уақытқа қарай, әзілге құралған дүниелер беріліп
жатады. Қарасаң, талғам мен эстетика жетпейді. Тақырып аялары өте тар. Бұл да бүгінгі
күнніңбастыпроблемасысияқты.Жақсыәзіларзанкүлкіденқұралмаукерек.Ол,
керісінше, адамды ойлантуға, өмірге басқаша көзбен қарауға итермелеу керек.
– Кәсіби авторларға тапсырыс бермей, өздері жаза салу, ақша үнемдеу ме, әлде өз
өздеріне деген сенімділік пе?
– Біріншіден, мүмкін ақша үнемдейтін шығар. Өнер деген – интеллектуалдық жеке
меншік. Шын мәнінде, интеллектуалдық еңбекке лайықты еңбекақы төленуі керек. Бүгін,
мысалы, Парламентте мәдениет туралы заң талқыланды. 25 жылдан бері жазушыларға
қаламақы төленбейді екен. Бұл, былайша айтқанда, нонсенс. Әрине, театрлардың бәрі
бірдей емес.
– Расымен де, театрлар неге арзан әзілге құмар болып кетті?
– Кез келген өнер адамы саясаткер болу керек. Ол қоғамда не болып жатыр,
парламент не талқылады, қандай халықаралық мәселелер қаралды, қысқаша айтқанда,
бәрін біліп, бақылап отыру керек. Яғни деңгейі өте жоғары, ой-өрісі кең болуы тиіс. Өнер
текқұдаменқұдағиғатиісіпнемесеәйелболыпкиінген,шалбарыншорткескен
келіншектерді немесеорысша тіл сындыратын жастарды сынаумен ғана шектелмеу керек.
Әрине, оның бәрі қажет. Бірақ интеллектуалдық ізденіс көбірек керек. Меніңше, әзіл-
сықақ театрларында білім, ізденіс жағы жетіспейтін секілді...
2.Мәтіннің негізгі айтар ойы неде? Клишеге сүйеніп екі сөйлеммен ой түйіндеңіз.


Cкaчaть документ
Құжаттың толық нұсқасы сайтта қол жетімді, кейін
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.