Тіркелгі жасаңыз
Педагогическая копилка » KAZ » ТЖБ Қазақ тілі 7-сынып 1-тоқсан жауаптар

ТЖБ Қазақ тілі 7-сынып 1-тоқсан жауаптар

31 окт 2024, 20:10
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
5
0

Қазақ тілі 7 сынып 1-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

Тапсырма түрлері:
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады:
біріншісі -тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын,
екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын,
үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

ТЖБ Қазақ тілі 7-сынып 1-тоқсан жауаптар

«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика
Көшпенділер мәдениеті. Орфография
Денсаулық – зор байлық. Лексика
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті
сөздерді тұрақты тіркестерді жазып алыңыз.
2. Мәтіндегі көтерілген басты мәселеге өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап,
мысалдар арқылы дәлелдеңіз. Пікір білдіруде жазып алған көркем бейнелеуіш,
эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты тіркестерді қолданыңыз.
[10]
Мәтіндер
1-мәтін
Қазіргі кезеңде Күннің активтілігі күшейіп, Жер ғаламшарын қыздырып, жылынуын
күшейтті. Егер аспанда бұлт жоқ болса, ауа тез қызып, аптап ыстық болады, бұл күннің
активтілігінің күшеюінен болады. Ресей ғалымдары қазіргі кезеңдегі климаттың ғаламдық
жылынуы табиғи процесс деп есептейді. Жер ғаламшарының солтүстік бөлігінде климаттың
ылғалды-салқын фазасы 1978-1979 жылдары басталып, 2010-2011 жылдары аяқталды. Енді
2012-2013 жылдардан бастап климаттың жылы-құрғақ кезеңі басталып, ұзақ жылдарға
созылады. Алатау етегінде орналасқан Алматы маңында 2013 жылы жаз ыстық, күз жылы,
құрғақ болып, жауын-шашын қарашаның ортасына дейін аз мөлшерде жауды. Ең қатал,
жауын-шашыны аз, жазы аптап ыстық, қуаңшылық жағдай 2018-2021 жылдары байқалуы
мүмкін. Бұл жағдай 2026-2035 жылдарға дейін созылады, сосын кезең аяқталуы ықтимал.
Аталған қуаңшылық жағдайлардың зиянды әсері Қазақстанда, әсіресе, шөл және шөлейт
аймақтарында өте күшті болады деп күтілуде. Климаттың куаңшылыққа ұшырауы тұщы су
тапшылығын туындатып, жазда өте күшті аптап ыстық болады, шөлейттену процесі күшейе
түседі, орман өрті көбейеді.
2-мәтін
Елбасының бастамасымен жасалған «Жасыл белдеу» Астана қаласы үшін қолайлы
климат қалыптастырушы басты фактор саналады. Соның нәтижесінде, соңғы жылдары
елорданың маңында бұрынғыдай боран мен дауыл байқалмайды. Бүгінде Астананы жағалай
егілген орманда 38 түрлі ағаш өседі. Жыл өткен сайын жасыл белдеу түрленіп, құлпырып
келеді. Біздің де мақсатымыз – маңында ну орманды орнатып, жасыл желек еткен Елбасы
өнегесі мен идеясын жастар арқылы жүзеге асыру.
Бірақ мұны жүзеге асыру оңай емес, оған бүкіл халық, әсіресе, жастар жұмылуы керек.
2012-2013 жылы Қазақстандағы барлық мектепте 2,5 млн оқушы оқыды. Осы оқушылардың
45-50 пайызының әрқайсысы он-оннан ағашты өсімдіктер ексе, бір жылдың өзінде 20 млн
түп арша, сондай мөлшерде емен, акация, үйеңкі ағаштары өсіріледі екен. Бұл процесс 40-45
жыл бойы үздіксіз жүргізілсе, елімізде ұзақ жыл өмір сүретін ағашты өсімдіктер орасан
көлемде көбейеді. Демек, жастар осы игі шара арқылы өздері өмір сүретін экологиялық
ортаны жақсартады.
3-мәтін
Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің
тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық
зерттеушілер: «Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға кабілетсіз, олар тек
басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың
мәдениеті оларға өтей мәдениет болып қала береді», — дейді. Бұл — мүлде қате пікір.



Cкaчaть документ
Құжаттың толық нұсқасы сайтта қол жетімді, кейін
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.