БЖБ Қазақ тілі 7-сынып 1-тоқсан жауаптар «Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика»
«Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі» 7-сынып 1-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 7-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Қазақ тілі 7-сынып 1-тоқсан жауаптар «Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика»
Бөлім «Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика»
Оқу мақсаты 7.1.1.1 мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы
мен аяқталуын болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтін үзінділеріне сүйеніп, оқиғаның дамуы мен
аяқталуын болжаммен жалғастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Қолдану
15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, үзілген тұсынан сұрақтарға өз болжамыңызбен жауап беріңіз.
Түпнұсқаны тыңдаған сайын өз жауабыңызбен салыстырые, кері байланыс беріп
отырыңыз.
Табиғат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен
алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым
қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу - Ата қостаған салтымыз.
«Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге,
табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің
ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін
аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады.
Сұрақ: Ол қандай өзгерістер боуы мүмкін? Мысал келтіріп көріңіз. Өзгерістердің
барлығы адамзат қолымен жасала ма әлде табиғат құбылыстарының да әсері бар ма?
...
Мысалы, жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы
сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің қозғалысы,
гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің
тартылып су алуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер. Әлемде орын
алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бірбірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология,
химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен
міндеті бар. Мысалы, физика, негізінен, механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық
құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық
құбылыстар деп аталады.
Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен
құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға,
құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады. Мысалы, физика мен астрономияға
ортақ құбылыстар – күн мен түннің ауысуын және Күннің тұтылуын қарастырайық.
Сұрақ: Күн мен түннің ауысуы және Күннің тұтылуының себептері неде? Болжамды
жауабыңызбен бөлісіңіз.
...
Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің
төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады. Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық
бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық
Cкaчaть документ