Тіркелгі жасаңыз
Педагогическая копилка » KAZ » БЖБ Жаратылыстану, 5-сынып 1-тоқсан жауаптары «Ғылым әлемі»

БЖБ Жаратылыстану, 5-сынып 1-тоқсан жауаптары «Ғылым әлемі»

29 окт 2024, 22:29
KAZ / Жаратылыстану kaz
2
0

«Ғылым әлемі» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Жаратылыстану» 5 сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ Жаратылыстану, 5-сынып 1-тоқсан жауаптары «Ғылым әлемі»

«Ғылым әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 5.1.1.1 Ғылымның қызметтерін адам іс-әрекетінің түрі ретінде
анықтау
5.1.3.1 Зерттеу жоспарын құрастыру
5.1.3.2 Зерттеу жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының
ережелерін тұжырымдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ғылымда зерттеу және оның қызметтерін сипаттайды
• Зерттеу жұмыстарын жоспарлайды
• Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіздік
техникасының ережелерін атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. a) Ғылымда бірінші кезекте не өткізіледі?
А) жоспарлау
B) зерттеу
 C) нәтиже
 D) талдау
b) Ғылымның функцияларын атап көрсетіңіз.
2. Ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ғылыми әдістерді қолданады.
(a) Зерттеу жұмысының жүргізілу тәртібін көрсетіңіз.
Гипотеза – мақсат – қорытынды – эксперимент – нәтиже
 (b) Зерттеуде болжам деген не?
(c) Деректерді жинау үшін қолданылатын ғылыми әдісті жазыңыз.
(d) Зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы деректер қай уақытта жазылады?
3. Сізді зертханада қандай да бір зерттеу жұмыстарын орындауды сұрады.
Зертхананың қабырғасында суретте көрсетілген ескерту белгісі ілулі тұр.

(a) Ескерту белгісінің атауын жазыңыз.
(b) Өзіңізді қорғау үшін қолданылатын қадамдарды жазыңыз. 

 



Cкaчaть документ
Құжаттың толық нұсқасы сайтта қол жетімді, кейін
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.