Coздaть aкaунт
Педагогическая копилка » KAZ » БЖБ Дүниетану 4-сынып 1-тоқсан жауаптары «Құндылықтар»

БЖБ Дүниетану 4-сынып 1-тоқсан жауаптары «Құндылықтар»

27 окт 2024, 22:03
KAZ / 4 сынып
1
0

«Құндылықтар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Дүниетану»  4-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Дүниетану 4-сынып 1-тоқсан жауаптары

«Құндылықтар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 1.1 Мен және менің отбасым
1.5 Құқық және міндет
Оқу мақсаты 4.1.1.3 Отбасы бюджетінің негізгі кіріс-шығыстарын
талдау
4.1.1.4 Отбасы бюджетін оңтайландыру жолдарын ұсыну
4.1.2.2 Оқушылар арасындағы көшбасшыға тән тұлғалық
қасиеттерді анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Отбасы бюджетінің кірісі мен шығыстарын
анықтайды
• Отбасы бюджетін үнемдеу жолдарын ұсынады
• Көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттерді атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
а) Отбасылық кіріс көзіне нелер жатады? 2 дұрыс жауапты тап.
A) еңбекақы
B) айыппұл
C) сыйақы
D) несие

b) Сенің отбасыңда ақша қайда жұмсалады? 2 мысал келтір.
1) _________________________________________________________________
2) _________________________________________________________________
2-тапсырма
Отбасы бюджетін қалай үнемдеуге болады? 2 мысал келтір
1) _____________________________________________________________________
2) _____________________________________________________________________
3-тапсырма
Көшбасшының бойында қандай қасиеттер болу керек? 3 дұрыс жауапты белгіле ().
1) Адалдық
2) Сараңдық
3) Қызғаныш
4) Мақсаттылық
5) Жауапкершілік



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.