БЖБ Дүниетану 2-сынып 1-тоқсан жауаптары «Өзім туралы»
«Өзім туралы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Дүниетану» 2-сынып 1-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Дүниетану 2-сынып 1-тоқсан жауаптары
«Өзім туралы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 1.1 Мен және менің отбасым
Оқу мақсаты 2.1.1.2 Мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп
нормаларын түсіндіру
2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ
әдеп нормаларын анықтау
2.1.1.4 Бақылау мен сауалнама негізінде тұтыну
заттарына деген отбасы қажеттіліктерінің
құрылымын, олардың түсу көзін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
Отбасылық және жалпыға ортақ әдеп нормаларын
анықтайды
Отбасы қажеттіліктеріне мысал келтіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
1. Суреттерге мұқият қара. Қандай әдептілік ережелері бейнеленген? Жаз.
__________________ ____________________ _________________
__________________ ____________________ _________________
Сен қандай қайырымды іс жасай аласың? 1 мысал келтіріп жаз.
___________________________________________________________________
2. Өз отбасыңның қажеттіліктеріне мысал келтір.
1) ___________________________
2) ___________________________
3) ___________________________
Cкaчaть документ