БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 3-тоқсан «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет»
БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 3-тоқсан «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау -
- Период: 3 тоқсан
- Готовый материал по обновлённой программе
- Структура урока: цели, ход, оценивание
- Можно редактировать под свой класс
- Скачивание в 1 клик после входа
Полное описание: БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 3-тоқсан «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет»
Жиынтық бағалау бөлімі «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет»
Қазақ тілі мен әдебиеті 7 сынып 3 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып оқушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 7-сыныптың «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 7- сыныпта жиынтық бағалау барлық оқу тоқсандарда (1,2,3,4) өткізіледі. Бөлім, ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған тапсырмалар, бағалау критерийлері мен дескрипторлар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 3-тоқсан «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет»
Бөлім «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет», «Музыка. Қазақтың киелі домбырасы.»
|
Оқу мақсаты |
7.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау 7.2.6.1 Кесте, диаграмма, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттау
|
|
Бағалау критерийі |
Білім алушы
· Мәтін мазмұнынан негізгі ақпаратты анықтайды · Кесте, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттайды |
|
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Мазмұны не туралы екенін айтыңыз.
Домбыра Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана: Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.
Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын Деп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын.
Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік. Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді
Жалған сөйлеп көрген емес соның өзінде: Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде. Қадыр Мырза Әлі
2-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз, өлеңдегі негізгі ақпараттарды анықтаңыз. 1. Өлеңді қалай атауға болады? Неге? Авторы кім? 2. Домбыра туралы қандай ақпараттар айтылады? 3. «Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана». Домбыраның қандай қасиеті туралы? 4. «Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді» деген пікірмен келісесіз бе? 5. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра!» деген жолдарды қалай түсінесіз?
3-тапсырма Суреттерді пайдаланып, «Әлеуметтік желілер жастарға қалай әсер етеді?» тақырыбында сөйлесіңіз. Сұрақтарға толық жауап беріңіз.
· Ғаламтордың пайдасы мен зияны: қайсысы көптеу? · Жастардың арасында ғаламторға тәуелділік бар ма? · Ғаламтор тәуелділігінен қалай құтылуға болады? · Ғаламтор мәдениетін білеміз бе?
4-тапсырма Төмендегі кесте мен диаграммада берілген ақпаратты өз сөзіңізбен сипаттаңыз.
|
|
Ещё по разделу «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2, 7 класс»
- ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 3-тоқсанСОР СОЧ СО · 3 тоқсан
- БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 3-тоқсан «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі»СОР СОЧ СО · 3 тоқсан
- ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 4-тоқсанСОР СОЧ СО · 4 тоқсан
- БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 4-тоқсан «Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары»СОР СОЧ СО · 4 тоқсан
- БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 4-тоқсан «Жастықтың оты қайдасың?»СОР СОЧ СО · 4 тоқсан
- ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 2-тоқсанСОР СОЧ СО · 2 тоқсан
- БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 2-тоқсан «Туған өлке публицистика беттерінде»СОР СОЧ СО · 2 тоқсан
- БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 2-тоқсан «Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы»СОР СОЧ СО · 2 тоқсан
Нагрузка по классам, ЕМН и ОГН, готовый PDF →
Педагогическая платформа для учителей
- Делись в социальных сетях КТП СОР СОЧ
Идеальное решение для педагогов, которые готово повысить свою компетенции в области педагогического мастерства. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.