№ 92 бұйрығы Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу туралы
Полное описание: № 92 бұйрығы Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу туралы
Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 сәуірде № 36047 болып тіркелді
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
Ещё по разделу «Специальное образование / Арнайы білім беру, Педагог-психолог»
- Как выявить школьную тревожность? Тест Филлипса для детей 6-13 лет
- 5 секретов интерпретации рисуночных тестов: как понять личность через рисун
- Тест Керна Ирасика
- Тест «Дерево с человечками»: 2 картинки + расшифровка личности
- Тест Голланда
- Темперамент Айзенка дапт Матолина
- Социограмма семьи
- Диагностика настроения детей: солнце, тучка, дождик в школе и дома
Нагрузка по классам, ЕМН и ОГН, готовый PDF →
Педагогическая платформа для учителей
- Делись в социальных сетях КТП СОР СОЧ
Идеальное решение для педагогов, которые готово повысить свою компетенции в области педагогического мастерства. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.