Тип файла
Тип файла
ВЫБРАТЬ КЛАСС / СЫНЫП
Вид объекта
Сфера деятельности
Марка автомобиля
Настройки поиска


ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ПОРТАЛ / АДМИНСТРАТИВНЫЙ РАЗДЕЛ / Классному руководителю / Оқушыларға патриоттық тәрбие беру – ел ертеңінің кепілі

File engine/modules/userbox.php is in the folder, which is available to write (CHMOD 777). For security purposes the connection files from these folders is impossible. Change the permissions on the folder that it had no rights to the write. Написать автору
Все материалы

    Қазіргі уақытта  қазақстандық патриотизм мәселесі барлық қоғамдық, мемлекеттік, саяси, мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналуда.  Қоғамдардың даму тарихы патриотизмнің мемлекет тарапынан қажетті және пісіп жетілген өзгерістерді жүзеге асырудың басты ресурсы екендігін көрсетті. Мемлекет пен қоғамның белсенді бөлігі аса маңызды реформаларды жүзеге асыру кезінде сәйкесінше символиканы, құндылықтарды, идеалдарды, мақсаттар мен принциптерді, бір сөзбен айтқанда, идеологияны қалыптастырады және оларды қорғай отырып дамытады.Мұндай мәселелер қазіргі таңда тәуелсіз даму жолына енді ғана түскен мемлекеттердің көпшілігінің алдына қойылуда. Ендеше бүгінгі патриоттық идея да, патриоттық тәрбие де қазіргі заман адамдарына, олардың талғамдары мен мүдделеріне сай анық та түсінікті түрде болғаны жөн. Қазіргі заманғы патриоттық идеология мемлекеттің құрылу үдерісіндегі барлық жетістіктерді, сондай-ақ ұзақ мерзімді басымдықтар мен талаптарды да назарына алуы керек.
Өз халқыңның тарихының өнегелі жақтарын білу, өз еліңнің кешегі және бүгінгі қаһармандарын мақтаныш ету, олардың ерлігіне тағзым ету, оларға сай болу патриотизмнің басты құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл тұрғыда алғанда, Қ.Сәтбаев мектебінің  оқу-тәрбие саласында белгілі деңгейде әр түрлі шаралар жүргізілуде. Аймақ тарихының жарқын беттері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихатталуда, ауылдан шыққан ардақты тұлғаларымыздың есімдері ұлықталып, түрлі кездесулер ұйымдастырылды. Алайда тарихтың ақтаңдақтарын жеткіліксіз оқып-үйрену, түрлі тарихи және ғылыми теориялардың арасындағы келіспеушіліктер мен айырмашылықтар, жастардың төл тарихына деген қызығушылығының айтарлықтай аз болуы, өзге, әсіресе батыстық идеология мен теориялардың басымдық ықпалы бұған көп кедергі жасауда. Көп ретте жастардың бұқаралық, тіпті кейде арзан мәдениетке елтіп, этномәдени, дәстүрлі, ұлттық бастаулардан алыстап кетуі, өкінішке қарай, қалыпты және кеңінен тараған үрдіске айналды. Біздің ойымызша, одан шығудың басты жолы — қазіргі білім беру мекемелерінде этномәдени білім мен тәрбие беруге ерекше көңіл бөлу. Қазіргі уақытта  қазақстандық патриотизм мәселесі барлық қоғамдық, мемлекеттік, саяси, мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналуда.  Қоғамдардың даму тарихы патриотизмнің мемлекет тарапынан қажетті және пісіп жетілген өзгерістерді жүзеге асырудың басты ресурсы екендігін көрсетті. Мемлекет пен қоғамның белсенді бөлігі аса маңызды реформаларды жүзеге асыру кезінде сәйкесінше символиканы, құндылықтарды, идеалдарды, мақсаттар мен принциптерді, бір сөзбен айтқанда, идеологияны қалыптастырады және оларды қорғай отырып дамытады.Мұндай мәселелер қазіргі таңда тәуелсіз даму жолына енді ғана түскен мемлекеттердің көпшілігінің алдына қойылуда. Ендеше бүгінгі патриоттық идея да, патриоттық тәрбие де қазіргі заман адамдарына, олардың талғамдары мен мүдделеріне сай анық та түсінікті түрде болғаны жөн. Қазіргі заманғы патриоттық идеология мемлекеттің құрылу үдерісіндегі барлық жетістіктерді, сондай-ақ ұзақ мерзімді басымдықтар мен талаптарды да назарына алуы керек.
Өз халқыңның тарихының өнегелі жақтарын білу, өз еліңнің кешегі және бүгінгі қаһармандарын мақтаныш ету, олардың ерлігіне тағзым ету, оларға сай болу патриотизмнің басты құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл тұрғыда алғанда, Қ.Сәтбаев мектебінің  оқу-тәрбие саласында белгілі деңгейде әр түрлі шаралар жүргізілуде. Аймақ тарихының жарқын беттері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихатталуда, ауылдан шыққан ардақты тұлғаларымыздың есімдері ұлықталып, түрлі кездесулер ұйымдастырылды. Алайда тарихтың ақтаңдақтарын жеткіліксіз оқып-үйрену, түрлі тарихи және ғылыми теориялардың арасындағы келіспеушіліктер мен айырмашылықтар, жастардың төл тарихына деген қызығушылығының айтарлықтай аз болуы, өзге, әсіресе батыстық идеология мен теориялардың басымдық ықпалы бұған көп кедергі жасауда. Көп ретте жастардың бұқаралық, тіпті кейде арзан мәдениетке елтіп, этномәдени, дәстүрлі, ұлттық бастаулардан алыстап кетуі, өкінішке қарай, қалыпты және кеңінен тараған үрдіске айналды. Біздің ойымызша, одан шығудың басты жолы — қазіргі білім беру мекемелерінде этномәдени білім мен тәрбие беруге ерекше көңіл бөлу.
Скачать Оқушыларға патриоттық тәрбие беру – ел ертеңінің
Для того, что бы получить доступ к файлам, вам необходимо Войти или Зарегистрироваться

Войти на портал с помощью социальных сетей

Google

Комментарии (0)
Написать
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.