Coздaть aкaунт
Педагогическая копилка » RUS » БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 2 тоқсан «ҚР Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы»

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 2 тоқсан «ҚР Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы»

07 ноя 2024, 21:54
RUS / Казахский язык и литература Т2
4
0

Жиынтық бағалау «ҚР Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы»

Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 2 тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні (оқыту қазақ тілінде емес) бойынша жиынтық ағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 2 тоқсан «ҚР Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы»

«ҚР Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы» бөлімі 
бойынша жиынтық бағалау 
Сөйлеу әрекетінің түрлері 
Оқу мақсаты 
Бағалау критерийі 
Ойлау дағдыларының  
деңгейі 
Орындау уақыты 
Оқылым 
Жазылым 
9.3.5.1 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерден 
қорытынды жасау, өз көзқарасын білдіру 
9.4.1.1 Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін 
сақтап, шолу жазу 
Білім алушы: 
 Қосымша мәліметтер негізінде қорытынды жасайды,  
көзқарасын білдіреді 
 Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сәйкес шолу 
жазады 
Қолдану  
Жоғары деңгей дағдылары 
15-20 минут 
Тапсырма 
1. Мәтінді оқыңыз. Мәтіннен қандай ой түйдіңіз? 
1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан алғаш рет бүкілхалықтық президент 
сайлауын өткізіп, президенттік басқару институтына көшті. Арада 20 жыл өткен соң, 2011 
жылдың желтоқсанында, парламент депутаттары бұл күнді ресми мереке ретінде тойлау 
керек деген бастама көтерді. 
Осылайша, 2011 жылдың желтоқсанында Парламенттің жалпы отырысында 
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгеріс енгізілді. Президент тиісті 
құжатқа қол қойған соң, 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері бұл күн мемлекеттік мереке 
деңгейінде тойланып келеді. 
Шыны керек, алғашында бұл мерекені Қазақстан халқы толық түсінбеді. Оның үстіне, 
Тәуелсіздік күні, Астана күні, Наурыз немесе Жаңа жыл сияқты емес, ешқандай атрибуты 
жоқ. Бірақ бес жыл ішінде халықтың бойы әбден үйренген сияқты. Оның біз байқаған 
бірнеше белгісі бар. Біріншіден, Тұңғыш Президент күнін халық бір күнгі демалыс деп 
асыға күтетін болды. Ал кейбір ұйым қызметкерлері, әсіресе, мемлекеттік қызметшілер 
мерекеге берілетін сыйақыға қуанады. Егер бұл күн аптаның демалыс күніне дәл келсе, онда 
үкіметтің арнайы бұйрығымен басқа күнге ауыстырылып, халық қатарынан бірнеше күн 
демалады.  
Екі жыл депутаттар Астана қаласының атын Нұрсұлтан Назарбаев атымен атауды 
ұсынған еді. Бірақ бұл бастамаға Президенттің өзі қарсы болды. Ол Астананың аты 
өзгермейтінін айтқан болатын. 
Қазақстанда Назарбаев атындағы көше болмағанымен, Иорданиядағы Амман 
қаласында, Шешенстандағы Грозный қаласында, Түркияның бір емес, бірнеше қаласында, 
Татарстан астанасы – Қазан қаласында Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көшелер бұрыннан 
бар. 
Мәтіннің негізгі ойы 
2. Сіздің ойыңызша, Тұңғыш Президент күнін тойлау қажет пе? Ойыңызды «ПТМС 
формуласы» бойынша білдіріңіз. 



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.