Педагогическая копилка

БЖБ 11-сынып Қазақ әдебиеті, 1-тоқсан ЖМБ жауаптар «Уақыт пен кеңістік»

«Уақыт пен кеңістік» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ әдебиеті» 11-сынып 1-тоқсан

Әдістемелікұсыныстармұғалімге 11-сыныпоқушыларына«Қазақәдебиеті»пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 11-сынып«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақтақырыпбойыншажиынтықбағалаудыңтапсырмаларымұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.

БЖБ 11-сынып Қазақ әдебиеті, 1-тоқсан ЖМБ жауаптар «Уақыт пен кеңістік»

«Уақыт пен кеңістік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Ж. Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңі
Оқу мақсаты 11.3.3.1 шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық
тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық
тұрғысынан талдайды
 Әдеби эссе жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Берілген үзіндіде дыбыстық, сөздік және образдық құрылымды қамтитын қандай әдістер
қолданылған? Кестені толтырыңыз.
Туған дала, тыным алмас жастамын,
Тер төгуден, өртенуден қашпадым,
Шаршағанда шалғыныңды жастанып,
Шалқаласам шаңырағым аспаным.
Анау жақын, мынау алыс демеген,
Ақынмын ғой көкірегімде өр өлең,
Кернегенде кең дүние дүбірлі
Көз жіберем, көкжиегім керегем,
Туған дала, тоғысты да көп тілек,
Көңілімді орап алды отты леп,
Осы сенің тауыңа
Бір айналып кетсем бе екен...
Тұрсам ба екен көк тіреп
Күдіктенбей құдіретіме көр сеніп,
Мұнша неге шықтың деме белсеніп,
Осы қазір нуыңа бір айналып,
Кетсем бе екен
Тұрсам ба екен көк тіреп.
Туған дала, саған деген сезімім,
Сан кеудеге сіңіреді өз үнін,
Архивтерден атып тұрып сөз алған
Арманыңмын кешегіңнің көзімін.
Жанарымда желбіретіп туларды,
Артта қанша асу қалды, ну қалды,
Салтанатты мейрамдарда саптағы
Сеніміңмін, бүгініңмін думанды.
Дыбыстық көркемік (буын,
бунақ, ұйқас, ырғаққа
байланысты мысалдар)
Сөздік көркемдік (фигура,
троптарды қолдану)
Образ жасаудағы автордың
оралымдарына мысалдар

Открыть полную версию