БЖБ 10-сынып Биология, 2-тоқсан ЖМБ жауаптар «Заттардың тасымалдануы»
«Заттардың тасымалдануы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Биология 10-сынып 2-тоқсан (жаратылыстану-математикалық бағыт)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 10-сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың Тапсырмаы мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар Тапсырма ұсынылған. Сондайақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар Тапсырма ұсыныс түрінде берілген
БЖБ 10-сынып Биология, 2-тоқсан ЖМБ жауаптар «Заттардың тасымалдануы»
Заттардың тасымалдануы тарауына жиынтық бағалау»
Оқыту мақсаттары 10.1.3.1.Эмбрион мен ересек ағзаның гемоглобині мен
миоглобині үшін оттектің диссоциациялануының
қисық сызығын түсіндіру
10.1.3.2 Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының
мәнін есептеу және олардың заттарды
тасымалдауға қатысты маңызын түсіндіру
10.1.3.3 Пассивті тасымалдау механизмін түсіндіру
Бағалау критерий Білім алушы
Эмбрион мен ересек ағзаның гемоглобині мен
миоглобині үшін оттектің диссоциациялануының
қисық сызығын түсіндіреді
Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының
мәнін есептеу және олардың заттарды тасымалдауға
қатысты маңызын түсіндіреді
Пассивті тасымалдау механизмін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгейлі дағдылар
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Гемоглобинді миоглобинмен салыстырғанда ерекшелендіретін (кем дегенде екі)
айырмашылықты анықтаңыз.
1 _______________________________________________________________________
2 _______________________________________________________________________
2. 1-суреттегі графикте берілген эмбрион мен ересек ағзаның гемоглобині мен
миоглобині үшін оттектің диссоциациялануының қисық сызығын түсіндіріңіз.
1-сурет