БЖБ 10-сынып Алгебра, 1-тоқсан ҚГБ жауаптар «Тригонометриялық функциялар»
«Тригонометриялық функциялар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Алгебра 10-сынып 1-тоқсан (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
БЖБ 10-сынып Алгебра, 1-тоқсан ҚГБ жауаптар «Тригонометриялық функциялар»
«Тригонометриялық функциялар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері
мен графиктері
Арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс
Оқу мақсаты 10.1.3.1 Тригонометриялық функциялар
анықтамаларын, қасиеттерін білу және
олардың графиктерін сала білу
10.1.3.2 Тригонометриялық функциялардың
графиктерін түрлендірулер көмегімен сала білу
10.1.3.3 Арксинус, арккосинус, арктангенс,
арккотангенс анықтамаларын білу және
олардың мәндерін таба білу
10.1.3.4 Құрамында кері тригонометриялық
функциялары бар өрнектердің мәнін табу
Бағалау критерийі Білім алушы:
Тригонометриялық функцияның қасиеттерін
қолданады
Қарапайым түрлендірулер көмегімен
тригонометриялық функцияның графигін салады
Кері тригонометриялық функция мәндерін
есептейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. Төмендегі суретте [0; 2𝜋] аралығында 𝑦 = sin 𝑥 функциясының графигі
кескінделген.
a) P нүктесінің координаталарын жазыңыз
b) Q нүктесінің координаталарын жазыңыз
2.
a) 𝑦 = 4 cos 𝑥 − 3 функциясының амплитудасын табыңыз.
b) 𝑦 = 4 cos 𝑥 − 3 функциясының периодын табыңыз.
c) Төменде берілген координаталық жазықтыққа 0
0 ≤ 𝑥 ≤ 3600
аралығында
𝑦 = 4 cos 𝑥 − 3 функцияның графигін салыңыз