БЖБ 10-сынып Алгебра, 4-тоқсан ЖМБ жауаптар «Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары»
«Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Алгебра 10-сынып 4-тоқсан (жаратылыстану-математика бағыты)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
БЖБ 10-сынып Алгебра, 4-тоқсан ЖМБ жауаптар «Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары»
«Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Тақырып Дискретті кездейсоқ шамалар
Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары
Оқу мақсаты 10.3.2.10 Дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалардың
анықтамаларын білу және оларды ажырата алу
10.3.2.11 Кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім
заңы кестесін құру
10.3.2.13 Дискретті кездейсоқ шаманың математикалық
күтімін есептеу
10.3.2.14 Дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясы мен
орташа квадраттық (стандартты) ауытқуын
есептеу
10.3.2.15 Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық
сипаттамаларын қолданып, есептер шығару
Бағалау критерийі Білім алушы:
Дискретті кездейсоқ шамаларды анықтайды
Дискретті кездейсоқ шаманың математикалық
күтімін есептейді
Дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясын
есептейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. Дискретті кездейсоқ шамаларды таңдаңыз. (3 жауапты таңдаңыз)
(a) Мектептегі 10-сынып оқушыларының бойларының ұзындығы.
(b) Мектептегі 10-сынып оқушылар салмағының бүтін килограммға дейінгі жуықталған
мәні.
(c) Теннис ойынындағы ұпайлар саны.
(d) Жауын шашын мөлшері.
(e) Жанармай құю станциясындағы автомобильге құйылған бензиннің көлемі.
2. Асылбек мектептің футбол құрамасының үздік ойыншыларының бірі. Бүгінгі ойында
оның 0, 1, 2 немесе 3 гол соғу ықтималдығы сәйкесінше 0,25, 0,35, 0,25 және 0,15.
Х – кездейсоқ шамасы соғылған голдардың саны ретінде анықталады.
а) Х-тің ықтималдық үлестірім кестесін құрыңыз.
b) Бүгінгі ойында Асылбектің 3-тен кем гол соғу ықтималдығы нешеге тең?
c) Бүгінгі ойында Асылбектің гол соғуының ең ықтимал санын табыңыз.
d) X кездейсоқ шамасының дисперсиясын есептеңіз.
e) Осы құрамада ойнайтын басқа ойыншы Айбектің бүгінгі ойында гол соғуының
математикалық күтімі 1,3, ал дисперсиясы 0,92. Нәтижелерінің шашыраңдылығы
азырақ ойыншының есімін қанатша ( V ) белгісімен белгілеңіз.