ТЖБ Биология 9-сынып 2-тоқсан жауаптар
«Биология» 9 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Биология» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)
ТЖБ Биология 9-сынып 2-тоқсан жауаптар
Тапсырмалар мен балл қою кестесі үлгісі
«Биология» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Сызбада сау адамның қаны құрамындағы оттегі концентрациясы мен бұлшықеттегі сүт
қышқылының мөлшеріне физикалық жаттығудың бес минут ішіндегі әсері көрсетілген.
(а) Сызбаны пайдаланып адамның жаттығуды бастаған уақытын анықтаңыз.
[1]
(b) Сызбада алғашқы 2 минутта оттегі концентрациясының өзгеруіне әсер ететін
процесті атаңыз.
[1]
2. Жылқының бұлшықет ұлпасының бір жасушасында 8 моль глюкоза ыдырауға түсті.
Оның 8 молі оттексіз, ал 3 молі оттегімен толық тотықты.
Осы жасушада сүт қышқылының, көмірқышқыл газының, АТФ- тің қанша молі түзілетінін
есептеңіз.
Есептеу жолын көрсетіңіз:
Жауабы: C3H6O3 ___________ моль, CO2 __________ моль , АТФ __________ моль.
[2]
3. Неге ауыр жаттығулар орындағанда бұлшықеттерде қажу және ауырсыну сезімдері
болатындығын сипаттаңыз.
[2]