БЖБ Алгебра, 9-сынып 2-тоқсан жауаптар «Тізбектер»
«Тізбектер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Алгебра 9-сынып 2-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып оқушыларына «Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім /ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардыңң оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Алгебра, 9-сынып 2-тоқсан жауаптар «Тізбектер»
«Тізбектер» бөлім бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Сандық тізбектер
Арифметикалық прогрессия
Геометриялық прогрессия
Оқу мақсаты 9.2.3.2 Тізбектің n-ші мүшесін табу, мысалы:
;...
5 6
1
;
4 5
1
;
3 4
1
;
2 3
1
9.2.3.5 Арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін,
алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу
формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және
қолдану
9.2.3.6 Геометриялық прогрессиялардың n-ші мүшесін,
алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу
формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы:
Тізбектің заңдылығын анықтайды
Арифметикалық прогрессияны қолданып, есептер
шығарады
Геометриялық прогрессияны қолданып, есептер
шығарады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. a1 =10, an+1 = 5an рекуррентті формуласымен тізбек берілген:
а) Тізбектің 2-ші және 3-ші мүшелерін жазыңыз;
b) Тізбектің n-ші мүшесінің формуласын n арқылы жазыңыз;
с) Айбек 6250 саны осы тізбектің мүшесі болатынын айтты. Айбектің тұжырымы
дұрыс па? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Арифметикалық прогрессияның алғашқы екі мүшесі берілген: 30, 24,18, ...
a) Прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын жазыңыз.
b) Прогрессияның оң мүшелерінің санын анықтаңыз.
c) Қосындысы -78-ге тең болатын осы прогрессияның тізбектелген мүшелердің
санын анықтаңыз.
3. Геометриялық прогрессияда: b2 – b1 = 18, b3 – b1 = -18 болса, онда:
а) Геометриялық прогрессияның бірінші мүшесі мен еселігін анықтаңыз.
b) Геометриялық прогрессияның алғашқы бес мүшесінің қосындысын табыңыз.