БЖБ Математика 6-сынып 3-тоқсан жауаптары «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу»
«Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Математика» 6 сынып 3-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Математика 6-сынып 3-тоқсан жауаптары «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу»
«Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Санды теңдіктер және олардың қасиеттері
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәндес теңдеулер
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір
айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару
Оқу мақсаты 6.2.2.2 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің, мәндес
теңдеулердің анықтамаларын білу
6.2.2.3 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу
6.2.2.4 х ± a = b түріндегі теңдеулерді шешу, мұндағы a
және b – рационал сандар
6.5.1.6 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы
шығару
Ойлау дағдыларыңың
деңгейі
Қолдану
Жоғарғы деңгей дағдылары
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәндес теңдеулердің анықтамасын қолданады
• Сызықтық теңдеуді шешеді
• Модуль таңбасы бар теңдеулерді шешеді
• Сызықтық теңдеу құру арқылы мәтінді есепті шешеді
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. b–ның қандай мәнінде 3х+78=9 және 2х+5b=–11 теңдеулері мәндес болады?
[3]
2. Теңдеуді шешіңіз:
8,6х–1,9х+1,6=15,145+2,4х.
[3]
3. Теңдеуді шешіңіз:
a) 2|х – 2| = 2;
b) 12|3х – 5| = –20.
[4]
4. Теңдеу құру арқылы шығарыңыз.
Екі пунктен бір-біріне қарама-қарсы бір уақытта екі автобус жолға шықты. Бірінші
автобустың жылдамдығы 45 км/сағ, ал екіншісінікі 72 км/сағ. Екеуі кездескенде бірінші
автобус екінші автобусқа қарағанда 135 км аз жүрген болса, онда екінші автобус қанша жол
жүрді?
[3]