Название сайта

БЖБ Әдебиет, 5-сынып 3-тоқсан «Адамгершілік - асыл қасиет»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Адамгершілік - асыл қасиет» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Әдебиет» 5 сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Әдебиет» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Әдебиет» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.


БЖБ Әдебиет, 5-сынып 3-тоқсан «Адамгершілік - асыл қасиет»

Бөлім «Адамгершілік - асыл қасиет»
Тақырып А.Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
Оқу мақсаты 5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап
авторға хат, өлең жазу
5.3.2.1 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып
бағалау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап хат,
өлең жазады
 Өмірмен байланыстырады
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Ақынның «Тұқымын адалдықтың шаштым, ектім...» деген өлең жолдарындағы басты
ойын дамыта отырып, өз пікіріңізді білдіріп, замандастарыңызға арнап хат жазыңыз.
Шынайы өмірмен байланыстырыңыз.
Бағалау критерийі №
тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Көркем шығармадан
алған әсерін сипаттап
хат жазады,
құрылымын
сақтайды.
1 хат құрылымын сақтайды; 1
1
кіріспе бөлімде автор өлеңінен алған әсерін
жеткізеді;
1
негізгі бөлімде автор айтқан қасиеттердің
қазіргі өмірде көрініс табуына дәлелдер
келтіреді;
1
қорытынды бөлімде замандастарын
адамгершілік қасиеттерге шақырады;
1
Өмірмен
байланыстырады.
шынайы өмірмен байланыстырады. 1
1
1. Барлығы 7