Педагогическая копилка

БЖБ Математика 4-сынып 4-тоқсан жауаптары «Есептер»

«Есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Математика»  4-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Математика 4-сынып 4-тоқсан жауаптары

«Есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты 4.5.1.8**Барлық арифметикалық амалдарға берілген құрама
есептердің шешуін санды өрнектер және теңдеулер
түрінде модельдеу
4.5.1.4** Шамалар арасындағы тәуелділікке/ пропорционал
бөлуге берілген есептерді талдау және шығару
Бағалау критерийі Білім алушы
• Құрама есептерді теңдеу құру арқылы шығарады
• Пропорционал бөлуге берілген есептерді шығарады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Есепті теңдеу құру арқылы шығар.
Қоймада 912 ц көгөніс бар еді. Бірдей мөлшердегі 9 мәшинемен бірнеше центнер
көгөністі алып кеткеннен кейін, қоймада 552 ц көгөніс қалды. Әр мәшинеге қанша центнер
көгөніс тиелді?
2-тапсырма
Есепті шығар.
Сыныпқа арнап бірдей қораптарға салынған 252 қарындаш және 168 фломастер
сатып алынды. Барлығы 70 қорап зат әкелінді. Сыныпқа неше қорап қарындаш және неше
қорап фломастер әкелінді? 

Открыть полную версию