БЖБ Қазақ тілі 2-сынып 3-тоқсан жауаптары «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі» 2-сынып 3-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Қазақ тілі 2-сынып 3-тоқсан жауаптары
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше |
Оқылым Жазылым
|
||||||||
Оқу мақсаты |
2.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын (жанры/мәтін түрі) табу 2.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату 2.3.3.1* Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құру және тірек сөздерді пайдалана отырып, мазмұндама жазу
|
||||||||
Бағалау критерийі |
Білім алушы
· Салыстыру арқылы мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды · Сөздерді сөз құрамына талдайды · Тірек сөздердің көмегімен оқыған мәтіннің мазмұнын жазады
|
||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу және түсіну Қолдану
|
||||||||
Орындау уақыты |
20 минут |
||||||||
Тапсырма
1. Мәтіндерді оқы. Оларды түрі, жанры бойынша салыстырып, кестеге жаз.
2. Берілген сөздерді сөз құрамына талда.
3. 1-мәтінді қайталап оқы. Берілген тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын жаз.
Тірек сөздер: шебер, тігінші, жылы ішік, қойдың терісі, тігіп берді, қуанды.
______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________
|