БЖБ 11-сынып Құқық негіздері 3-тоқсан (ҚГБ) жауаптар «Жеке құқық»
«Жеке құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Құқық негіздері» 11-сынып 3-тоқсан
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Құқық негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Құқық негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ 11-сынып Құқық негіздері 3-тоқсан (ҚГБ) жауаптар «Жеке құқық»
«Жеке құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Мұрагерлік құқық. Авторлық және сабақтас құқықтың
құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны. Отбасы мүшелерінің
алименттік міндеттемелері.
Оқу мақсаты 11.3.1.3 Мұрагерлік құқықтың құқықтық реттелу ұғымы мен
нысанын түсіндіру
11.3.3.2 Авторлық құқық саласында нақты жағдайды
шешудің құқықтық жолдарын ұсыну
11.3.4.4 Алименттік қатынастардың субъектілерін және
алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін құқықтық
жағдаяттар мысалында анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
Мұрагерлік құқықтың ұғымы мен нысанын
түсіндіреді
Авторлық құқық саласында нақты жағдайды
шешудің құқықтық жолдарын көрсетеді
Алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін
құқықтық жағдаят арқылы қарастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Мұрагерлік құқықтың ұғымын жазып, оның нысандарын түсіндіріңіз.
Мұрагерлік құқық -
Мұрагерлік құқық
заң бойынша өсиет бойынша
2. Авторлық құқық саласына нақты жағдайды шешудің құқықтық жолдарын ұсыныңыз.
Танымал әнші Б. есімді ақынның шығармашылық туындысын рұқсатсыз пайдаланып
келген. Бірде ақын өз мәтінін танып, әншіден өтемақы талап етті.
Авторлық құқық саласында нақты жағдайды шешудің құқықтық жолдарын ұсыныңыз.
1.____________________________________________________________________________
2.____________________________________________________________________________
3.____________________________________________________________________________
3. Құқықтық жағдаятпен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Б. есімді азамат өзінің ата-анасын бағудан бас тартты. Алайда ата-анасы оны осы уақытқа
дейін баққандағын айтып қартайғанда көмек көрсетуін сұрады. Алайда жас бала атаанасының сөзін тыңдамай, басқа қалаға көшіп кетті.
Ата-анасының балаға қойып отырған талабы заңға сәйкес пе? Неліктен?
Cкaчaть документ