Тіркелгі жасаңыз
Педагогическая копилка » KAZ » ТЖБ 11-сынып Қазақстан тарихы 4-тоқсан жауаптар

ТЖБ 11-сынып Қазақстан тарихы 4-тоқсан жауаптар

14 ноя 2024, 16:37
KAZ / Қазақстан тарихы kaz
10
0

Қазақстан тарихы 11 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.«Қазақстан тарихы» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (11 сыныптар)

Тапсырма түрлері:
КТБ -көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ –қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖтолық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 11 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырмаларынан білім алушыұсынылған жауап нұсқаларыныңдұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушықысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет.
Білім алушының Қазақстан тарихылық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ 11-сынып Қазақстан тарихы 4-тоқсан жауаптар

«Қазақстан тарихы» пәнінен IV тоқсан бойынша
жиынтық бағалау тапсырмалары
1."Қырғыз-казак немесе қырғыз-кайсақ ордаларының және даланың сипаттамасы" атты
 А.И. Левшиннің еңбектерінен үзінділерді оқи отырып, сұраққа жауап беріңіз.
1.Қырғыз-қайсақтарды сипаттау үшін алдыменен аталуы жайында тоқталып өтемін. -
«Қырғыз» деген қарақырғыз немесе бурут деп аталған халық. Қырғыз-қайсақтармен
айтарлықтай байланысы жоқ. «Қайсақ» немесе «қасақ» деген екінші сөз. Кейбір деректерде
«қасақ» атауы екімыңжылдық тарихы бар дейді. Әрине, бұның шын-өтірігін айырып
жатпаймыз. Тек тоқтала кетейік дегеніміз, орыс тайпаларының ішіндегі «казак» аталып
жүргендерде де бар. Бұл атауды олар орта ғасырларда иемденді. Негізгі иесі өздерін «қазақ»
деп жүрген қырғыз-қайсақтар. Ал өздері және орыстардан өзге жақын көршілері өздерін
«қазақ» деп атайды. Бұл атпен оларды парсылар, бұхарлықтар, хиуалықтар атайды.
2. XVI және XVII ғасырлардағы жазбаларымызда «қазақ ордалары» дегеннен басқа атау
кездеспейміз. Кейін анықтауыш ретінде «қырғыз» сөзі қосылды. Сөйтіп «қырғыз-қазақ»,
кейін «қырғыз-қасақ», аяғында «қырғыз-қайсақ» болып аталып кетті. Қорыта айтсақ,
«қырғыз-қайсақ» емес, қырғыз-қазақ деп атауымыз керек деп ұсынамын.
Осылайша халықтың негізгі атауын сақтауға болады.
Жоғарыда атап кеткен «жаңа атау» XVIII ғасырдың басынан қолданыста. Бірақ Орынбор
губерниясындағы іс-қағаздар кеңсесінде және сыртқы істер коллегиясындағы 1740-1760
жылдардағы хаттарда «Қазақ ордасы», «Қырғыз-қазақ әскері» деген жазбаларды
кездестіруге болады. Ал, 1705 жылы в Амстердамдағы баспадан шыққан Витсеннің «Noord
en Oost Tartarye» еңбегінде де бүгінгі қырғыз ордаларын «қазақ ордасы» немесе «татар
қазақтары» деп келеді. Бұл еңбектерді кезінде Бірінші Петр арнайы алдыртқан.
А.И.Левшинді «қазақ даласының Геродоты» деп атау себебіне 3 аргумент келтіріңіз.
__________________________________________________________________________________
Ғалымның зерттеулері қаншалықты қазақ тарихына үлес қосты деп ойлайсыз? Дәлел келтіріңіз.
__________________________________________________________________________________
[5]
2. А, В, С дереккөздерін қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз.
А дереккөзі В дереккөзі
С дереккөзі
 Патша өкіметі қазақ халқы арасында оқу-ағарту ісін бастауыш білім берумен, яғни орыс
тілін және арифметиканың жай амалдарын үйретумен шектеу жеткілікті деп санады, ал орта
білім беруге, оның үстіне жоғары білім беруге ол мүдделі болмады. Отаршыл өкімет
орындары бастауыш мектептерді әсте де қазақтардың толық және жан-жақты білім алуы үшін
емес, болыс басқарушылары жанында тілмаш, сұлтандардың іс жүргізушілері және т.б. болып
жұмыс істеуге жарарлықтай аздаған білім беру үшін ғана ашты. Қазақстан аумағында: 1876 



Cкaчaть документ
Құжаттың толық нұсқасы сайтта қол жетімді, кейін
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.