Тіркелгі жасаңыз
Педагогическая копилка » KAZ » ТЖБ 11-сынып Физика 2-тоқсан (КГБ) жауаптар

ТЖБ 11-сынып Физика 2-тоқсан (КГБ) жауаптар

14 ноя 2024, 14:52
KAZ / Физика kaz
51
0

«Физика» 11 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Физика» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (10-11 сыныптар)

Тапсырма түрлері:
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын10тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
Оқушыныңматематикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ 11-сынып Физика 2-тоқсан (КГБ) жауаптар

Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Физика» пәнінен 2-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Максвелл теориясына сәйкес электромагниттік толқын көзі болып табылатыны
A. тек электронның түзу бойымен бірқалыпты қозғалысы кезінде
B. тек зарядтың гармониялық тербелісі кезінде
C. тек зарядтың бірқалыпты шеңбер бойымен қозғалысы кезінде
D. зарядтың кез келген бір қалыпты емес қозғалысы кезінде
 [1]
2. Электрмагниттік толқындарды пайдаланудағы дұрыс сәйкестікті таңдаңыз.
1. Радиотолқындар a. Объектілерді анықтау
2. Радиолокациялық толқындар b. Медицина
3. Инфрақызыл толқындар c. Дезинфекция
4. Ультракүлгін сәулелер d. Ракты емдеу
5. Рентген сәулелері e. Байланыс
6. Гамма сәулелер f. Фото, физиотерапия
A. 1a, 2b, 3c, 4f, 5d, 6e
B. 1b, 2d, 3f, 4a, 5c, 6e
C. 1c, 2a, 3d, 4f, 5e, 6b
D. 1e, 2a, 3f, 4c, 5b, 6d
[1]
3. Экранға екі саңылаудан жарық түскенде интерференциялық көрініс бақыланады. Экранға
екі шамнан жарық түскенде интерференциялық көрініс бақыланбайды. Неліктен?
A. Шамдар әр түрлі амплитудаларда жарық шығарады.
B. Шамдар когерентті емес жарық шығарады.
C. Екі шамның жарығының жиіліктері бірдей.
D. Екі шамның жарығы өте жарық.
[1]
4. Телеқабылдағыштар жер серіктен сигнал қабылдайды.
A. Жер серіктен электромагниттік сәулеленудің қай түрін қабылдайды?
[1]
B. Модуляцияланған сигналды биік ғимараттарда немесе мұнараларда орналасқан
үлкен антенналар арқылы жібереді. Көп жағдайда сигнал жіберуші мен оны
қабылдаушының арасына бірнеше ретрансляторлар қолданылады.
(i) Неліктен антенналар биік ғимараттар мен мұнараларға орналастырылады?
(ii) Неліктен ретранслятор қажет?
[2]



Cкaчaть документ
Құжаттың толық нұсқасы сайтта қол жетімді, кейін
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.