Coздaть aкaунт
Педагогическая копилка » KAZ » ТЖБ 11 сынып Қазақ әдебиеті 2-тоқсан КГБ жауаптар

ТЖБ 11 сынып Қазақ әдебиеті 2-тоқсан КГБ жауаптар

13 ноя 2024, 20:30
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
0
0

«Қазақ әдебиеті» 11 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау

(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 11 сынып

Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудыңқұрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім -түсіну және жауап беру, екінші бөлім -анализ және интерпретация, үшіншісі-бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

ТЖБ 11 сынып Қазақ әдебиеті 2-тоқсан КГБ жауаптар

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Пайым мен парасат» бөлімі
Шығармалар: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі,
С. Елубай «Жалған дүние» романы
1-БӨЛІМ
1. «Жалған дүние» романында көтерілген мәселені белгілеңіз.
A. ашаршылық, сталиндік қуғын-сүргін жылдарының басталуы
B. екінші дүниежүзілік соғыстың зардабын кешкен қазақ тарихы
C. қазақтың киіз үйінің тарихы мен колхоздастыру кезеңі туралы
D. «тоқырау заманы» мен «ұлтсыздану» дәуірінің басталуы
[1]
2. «... Бүкіл жұрт ақымақ па, сонда? Сенен де ақылды, сенен де атақты жұрт бар емес
пе?...» деген сөзді Маусымжан қашан айтты?
А. Қайын атасы жоғары партия мектебіне түс дегенде
В. Едіге қызын қазақ балабақшасына берем дегенде
С. Едіге ұлын қазақ мектебіне берем дегенде
D. Қайын атасы мамандығыңды өзгерт дегенде
[1]
3. «Жалған дүние» шығармасында тоқырау кезеңі қалай көрініс табады?
А. Тоқтасынның араққа салынуы арқылы
В. Түгелханның ажырасуы арқылы
С. Аиданың жүріске салынуы арқылы
D. Жауаптардың барлығы дұрыс
[1]
4. ...Қасыммын, сол баяғы бір қасыммын,
Бақытын ойламаймын құр басымның.
Тымырсық түнек болсаң – дұшпаныңмын,
Ақ көңіл адал болсаң – сырласыңмын....
Үзіндіде қандай ғаламдық мәселе көтерілген?
А. жаһандық азаматтық
В. ұлтжандылық
С. рухани құндылық
D. адамгершілік
[1]
5. Дүние, жалт-жұлт еткен кең мекенім,
Көре алмай көп жеріңді мен кетемін.
Арпалыс ала құйын заманалар
Арбасып тұрып алды, мен не етемін, - деген өлең жолдарында қолданылған троптың
түрін көрсетіңіз.
А. метафора
В. эпитет
С. теңеу
D. синекдоха
[1]



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.