БЖБ 11-сынып Қазақ тілі, 3-тоқсан КГБ жауаптар «Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика. Шешендік сөздер»
«Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі» 11-сынып 3-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 11-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 11-сыныптары«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ 11-сынып Қазақ тілі, 3-тоқсан КГБ жауаптар «Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика. Шешендік сөздер»
«Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика. Шешендік сөздер» бөлімі
бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 11.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын
(қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі
ойды анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтінде көтерілген мәселені талдайды
Мәтіннің негізгі ойын анықтап, автор позициясымен
байланыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Манифест. «Әлем. ХХІ ғасыр»
Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт
артты. Бірақ бүгінде бұл елестің сағымға айналуы ықтимал. Әлемге тағы да қатер төніп тұр
және оның ауқымын ескермеуге болмайды және бұл қатер – жаһандық соғыс! Жер өркениеті,
ғалымдардың есебі бойынша, 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты
басынан өткерген. Оларда жүздеген миллион адам қаза тауып, жер бетінен қалалар мен елдер
жоғалған, мәдениеттер мен өркениеттер жойылған.
ХХІ ғасырға аяқ басқан адам баласы қиялдың өзін таңқалдыратын ғылыми жаңалықтар
ашып, жаңа буын технологияларын жасап жатыр. Адамзат өз дамуының сапалы жаңа
сатысына өтуде. Әлем Төртінші өнеркәсіп төңкерісінің табалдырығында тұр. Көптеген
қорқынышты аурулардың тамырына балта шабылуда. Бірақ соғыс вирусы халықаралық
жағдайды ушықтыруын жалғастыруда. Ол бірқатар мемлекеттерде экономиканың өлім
ұрығын себетін ең қуатты саласына айналып, әскери-өнеркәсіптік кешеннің әлеуетін
арттырып отыр.
Соғыс вирусы алдағы жасанды интеллект төңірегіндегі жаңалықтарға кесел жұқтыруға
дайын тұр. Милитаризм адамдардың санасы мен мінез-құлқына тереңдей еніп кеткен.
Халықтың қолында қазір 1 миллиардтан астам атыс қаруы болса, олардан әлемде күн сайын
мыңдаған адам көз жұмады. Әскери қауіп бүкіләлемдік ауқымдағы қасіретке айналуы әбден
мүмкін. Осындай өліммен аяқталатын қатердің белгілері анық байқалады. Халықаралық
қатынастарда жанжалдастық тәуекелдері күшейе түсіп отыр. Әскери қақтығыстардың
географиясы өткен екі әлемдік соғыстың – Еуропаның шығысындағы, Африканың
солтүстігіндегі, Таяу Шығыстағы соғыстың іс-қимылдарының тарихи шегін қамтуда.
Ядролық қаруды таратпау туралы шарт өзінің міндеттерін орындай алмай отыр. Ажал
себетін қару мен оны дайындау технологиялары ірі державалардың қосарланған
стандарттарының салдарынан бүкіл әлемге тарауда. Уақыт өте келе оның терроршылардың
қолына түсуі әбден мүмкін.
Халықаралық терроризм қаһарлы сипатқа ие болды. Ол жекелеген елдердегі бірліжарым актілерден Еуропа, Азия және Африка мемлекеттеріне қарсы кең ауқымды террорлық
агрессияға айналып үлгерді. Миллиондаған босқындар, қалалардың қирауы, құнды тарихи
ескерткіштердің жойылуы – осының бәрі әдеттегі көрініске айналуда. Э
Cкaчaть документ