Coздaть aкaунт
Педагогическая копилка » KAZ » ТЖБ 11-сынып Қазақ тілі 2-тоқсан КГБ жауаптар

ТЖБ 11-сынып Қазақ тілі 2-тоқсан КГБ жауаптар

13 ноя 2024, 20:19
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
0
0

Қазақ тілі 11 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 11-11 сыныптар

Тапсырма түрлері:
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады:
біріншісі -тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын,
екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын,
үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

ТЖБ 11-сынып Қазақ тілі 2-тоқсан КГБ жауаптар

Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
3. Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер
4. Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін ақпаратын ғаламдық мәселелермен байланыстыра өз
ойыңызды айтыңыз. Мәтеннен фактілік ақпарат пен автор көзқарасы көрінетін тұстардан кем
дегенде 1 мысалдан келтіріңіз және дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Жұбыңыздың жауабына келісу не келіспеу пікіріңізді
бідіріп, диалогке қатысыңыз.
[10]
1-мәтін
Бүгінде әлемнің барлық елдері үшін зияткерлік миграция мәселесі өте өзекті.
Жаһандық үдерістің субъектісі ретінде Қазақстан да аталған түйткілден тыс қала алмайды.
Елімізде қазіргі таңда білімді жастардың шетелге бет бұру үдерісі күн санап артуда.
Осы орайда тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мен қазіргі кезеңдегі елімізден кеткен
білімді мамандардың мамандық ерекшеліктеріне сапалық және сандық тұрғыда
салыстырмалы талдау жасау, сонымен бірге мектеп бітірген түлектердің, яғни жас
зияткерлердің шетелге кету себептерін анықтау, отандық зияткерлік орталықтарын құру мен
жетілдіру ісін жолға қою аса маңызды.
Қазіргі жаһандану кезеңі жоғары көші-қон белсенділігімен сипатталады. Бұл үдеріске
зерттеушілер баса назар аударуда. Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында көптеген ғылыми
жұмыс халықаралық көші-қонға арналса, қазіргі заманда зияткерлік миграция факторлары
мен тетіктерін зерттеу қажеттілігі туындап отыр.
«Зияткерлік миграция» (ағылш. brain drain) – мамандардың, ғалымдар мен білікті
жұмысшылардың өз елінен саяси, экономикалық, діни немесе басқа да себептер бойынша
жаппай шығу үдерісін, яғни эмиграциялық үдерісті сипаттайды. Әрине, бұл ретте
мамандарының бір бөлігі сыртқа кеткен елдерге айтарлықтай экономикалық, мәдени, ал
кейде саяси залал келтірілсе, керісінше, иммигранттарды қабылдайтын мемлекеттер үлкен
және арзан зиякерлік капиталға ие болады. Ал ақылды жастарын, мамандарын жоғалтқан ел
зиян шекпей қоймайды.
Еліміз үшін білімді мамандарымыздың, ақылды жастарымыздың шетелге білім алуға
кетіп, оралмай қалу қаупі үлкен алаңдатушылық тудыруда. Сондықтан бірінші кезекте
зияткерлік миграцияның үлкен ағыны – жоғары білімді дайын мамандардың сыртқа кетуі
мәселесін және жоғары білім алу мақсатында шетелге арман қуып кеткен жастардың елге
қайта оралмау жағдайын талдау қажет..
Енді шетелге елімізден зияткерлік миграцияға негіз болып отырған себептер қандай
деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Қазіргі таңда ең негізгі себептердің бірі, білімді
мамандардың, әсіресе жас зияткерлердің өз деңгейінде бағаланбауы, қоғамды жайлаған
коррупция көп жағдайда жастардың жұмысқа орналасуларына кедергі болып отыр. Олар
зияткерлік еңбекке жоғары ақы төленетін жерлерден жақсы табыс табу мүмкіндігін іздеуге
мәжбүр болады. (275 сөз)
2-мәтін
ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы зияткерлік миграция Кеңес өкіметінің құлауымен
Қазақстанда өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің тарихи отандарына оралуымен
сипатталады десек, бүгінгі еліміздің ең білімді, ақылды жастарының шетелге кетуінің
мазмұны біршама өзгеше. 2000 жылдардан кейін зияткерлік миграция ағыны ұлттық сипатқ



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.