Coздaть aкaунт
Педагогическая копилка » KAZ » БЖБ 11-сынып Қазақ тілі, 1-тоқсан КГБ жауаптар «Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер»

БЖБ 11-сынып Қазақ тілі, 1-тоқсан КГБ жауаптар «Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер»

13 ноя 2024, 20:15
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
0
0

«Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 11-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 11-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 11-сыныптары«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.


БЖБ 11-сынып Қазақ тілі, 1-тоқсан КГБ жауаптар «Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер»

«Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер» бөлімі
бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 11.1.5.1 Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның
қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау
сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарымқатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын
құрастырады
Көтерілген мәселеге сыни тұрғыдан баға береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Тұғырлы Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға
тиіспіз.
Нұрсұлтан Назарбаев
Тәуелсіздік – қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар
рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік – ең қастерлі ұғым. Еліміз тәуелсіздігін
жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі
қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу
арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси
фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», – деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны
болған, өзегі өртенген талай жандардың, қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің
куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік
жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс
та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.
Тәуелсіздігімізді алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да
елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет
тәй-тәй басты. Небәрі бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің
тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды. Қаншама рет туы тігіліп,
қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет
мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем
елдерімен иық тіресуде. Жыл сайынғы Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен
қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым
халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы өз
Жолдауында ішкі саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары
қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. Саяси
жүйені жетілдіруде құқықтық реформаның маңызды рөл атқарылатынын, құқық қорғау
жүйесін реформалау бойынша құқық қорғау органдары функцияларындағы орын алған
жағымсыз факторлардан, сондай-ақ құқық қорғау жүйесі қызметіндегі мөлдірлік пен
бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалардан арылудың қажеттігін атап көрсетті.Әр
Қазақстанның азаматы айрықша күнін есте сақтады және онымен мақтанады. 1991 ж. 16



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.