Coздaть aкaунт
Педагогическая копилка » KAZ » БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе және норма»

БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе және норма»

11 ноя 2024, 15:44
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
7
0

«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 10-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 10-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сыныптары«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе және норма»

«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе және норма»
бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.1.2.1 Мамандандырылған тар аядағы арнайы
мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған
терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Арнайы мәтіндердегі терминдер мен ұғымдарды,
тілдік оралымдарды ажыратады (интервью)
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Сұхбатты тыңдап, аудиториясын анықтаңыз. Мәтіннің қолдану аясы қандай? Неге?
Домбыра шебері Алмас Серікұлымен сұхбат
Бүгін Қазақ елі үшін ұлы күн десек, асырып айтпағанымыз болар. Себебі елімізде
жаңа мереке – Ұлттық домбыра күні бар сән-салтанатымен тойлануда.
Маңызы зор мереке қарсаңында еліміздің танымал домбыра шеберлерінің бірі
Алмас Серікұлымен сұхбаттасуды жөн көрдік.
– Домбыра жасау өнерін кімнен үйрендіңіз, әлде отбасыңыздың баяғыдан келе
жатқан ісі ме?
– Мен ес білгелі, екі-үш жасымнан бастап сурет саламын. Қолөнерге деген
қызығушылығым осы сурет салудан бастау алды. Кейін Абай атындағы педагогикалық
университетінің Көркем сурет факультетінің Сәндік қолданбалы өнер мамандығы
бойынша білім алдым. Негізі бұл кәсіп нағашыларымнан дарыған. Кезінде менің нағашы
апамды зергерлер жанұясынан шыққандықтан, «біздің ұрпаққа да бұл өнер дарысын»
деген оймен атама алып берген екен. Мен тек ағашпен ғана жұмыс істемеймін, сонымен
қатар зергерлік бұйымдарды да жасаймын.
– Қолданатын материалдар жайлы: қайсысын табу қиын/оңай? Қайсысы
мықтырақ дегендей. Қай материалмен өзіңізге жұмыс жасаған ұнайды?
– Біз пайдаланатын материалдардың ішінде домбыраның бетін жабатын шыршаны
табу қиын. Себебі шырша ұзақ уақыт кептірілуі керек, оның жылдық сақинасы жиі
болуы қажет деген талаптары бар. Елімізде бұл ағашты кесуге рұқсат жоқ, сондықтан біз
оны шет елдерден алғыздырамыз. Қазіргі кезде курьерлік қызмет жақсы дамығандықтан,
материалды табу, жеткізу қиындық туғызбайды. Тек бағалары қымбат.
– Өзіңізді «ағаш шеберімін» деп айта аласыз ба?
– Ауызекі тілде «шебермін» деп айта береді ғой. Бірақ меннен де асқан хас шебер
ағаларым көп, менің артымнан ілесіп келе жатқан жастар да бар. Бірақ бүгіндері адамға
тек шебер болу жеткіліксіз. Бізге іскер болу керек. Себебі шеберханаң болып тұрып,
наныңды таба алмай қалуың да мүмкін. Өйткені істі жарнамалап, өніміңді көрсетіп,
адамдармен тіл табыса білу маңызды.
– Домбыра таңдағанда қандай белгілерге назар аудару керек?
Оқырмандарымызға нендей кеңес бересіз?
– Домбыра таңдаған адам, біріншіден, домбыра тарта білу керек немесе тарта алатын, 



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.