БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 1-тоқсан ҚГБ жауаптар «Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті»
«Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі» 10-сынып 1-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 10-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сыныптары«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 1-тоқсан ҚГБ жауаптар «Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті»
«Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті»
бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.2.6.1 Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын
жүйелі қолдана білу
10.3.4.1 Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды
қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе
жазу (дискуссивті эссе)
10.4.1.1 Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді
орфографиялық нормаға сай жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
Оқылым стратегияларын қолданады
Клишелер мен лексикалық құрылымды қолданып, эссе
жазады (дискуссивті эссе)
Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғарғы деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді оқып, тақырып ұсыныңыз және ақпараттар негізінде қорытынды ойды
шығарыңыз.
Бұл таңдамалы суреттер данышпан авторлардың ең керемет өнер туындылары ретінде
әлдеқашан тарихқа енген. Әлемге әйгілі бұл суреттер несімен ерекше, несімен құнды және
неге оны әр адам білуі тиіс. Жауабын іздеп көрейік...
Леонардо да Винчи, «Мона Лиза». 1503 - 1505
Танымалдылығы жағынан да Винчидің осы
қылқалам туындысына әлемде ешбір картина жете алмас.
Бұл суретті өмірде көргеннен, интернеттен көру
оңайырақ. Өйткені Лувр мұражайына туристерден
түзілген кезектен тарихи игілікке тек ең шыдамдылары
ғана жетеді. Картинада флоренциялық жібек
сатушысының әйелі Лиза Герардини бейнеленген деп
есептеледі, алайда кейіпкердің кім екені нақты
анықталмаған. Ол суретшінің анасы болуы мүмкін,
қыздың келбетіндегі жігіт немесе суретшінің өзі деген де
қауесеттер бар.
Cкaчaть документ