БЖБ Биология, 9-сынып 4-тоқсан жауаптар «Эволюциялық даму»
«Эволюциялық даму» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Биология 9-сынып 4-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 9-сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың Тапсырмаы мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар Тапсырма ұсынылған. Сондайақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар Тапсырма ұсыныс түрінде берілген
БЖБ Биология, 9-сынып 4-тоқсан жауаптар «Эволюциялық даму»
9.4 С «Эволюциялық даму» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 9.2.5.1 К. Линней мен Ж.Б. Ламарк еңбектерінің негізгі
қағидаларын оқып зерттеу
9.2.5.3 Эволюцияның қозғаушы күштерін сипаттау
9.2.5.5 Түрдің құрылымы мен критерийлерін сипаттау;
9.2.5.6 Түр түзілу үдерісін түсіндіру
Бағалау критерийлері Білім алушы:
К. Линней мен Ж.Б. Ламарк, Ч Дарвин еңбектерінің
негізгі қағидаларын атайды
Эволюцияның қозғаушы күштерін түсіндіреді
Түрдің құрылымы мен критерийлерін сипаттайды
Түр түзілу үдерісін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Төмендегі кестеде биология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдардың
еңбектері берілген. Сәйкес келетін тұжырымдардың тұсына (+) таңбасын қойып
кестені толтырыңыз.
Сипаттама К.Линней Ж.Б.Ламарк Ч.Дарвин
1. Эволюцияның қозғаушы күштерін
анықтады
2. Жүйелеуде бинарлы номенклатураны
ұсынды
3. Градация туралы ілім ұсынды
4. Табиғи сұрыпталуды эволюцияның
қозғаушы күші деп тапты
5. Өсімдіктер мен жануарларды жүйеледі
6. Тіршілік атаулының бәрін тәңір жасады
дегенге сенді
7. Жаттығу барысында игерілген белгілер
тұқым қуалайды деп есептеді
8. Ең алғашқы эволюциялық
тұжырымдама жасады
2. Эволюцияның бір қозғаушы күшін атаңыз.
(а) ______________________________________________________________________
(b) Осы қозғаушы күштің эволюция үшін маңызын дәлелдеңіз.
_________________________________________________________________________
3. Берілген мысалдардан түрдің қандай критерийлері туралы айтылғанан анықтаңыз.
a. Күйдіргіш сарғалдық өсімдігі егістікте және жайылымда өссе, ал басқа өрмелегіш
Cкaчaть документ