Coздaть aкaунт
Педагогическая копилка » KAZ » ТЖБ Қазақ тілі 9-сынып 2-тоқсан жауаптар

ТЖБ Қазақ тілі 9-сынып 2-тоқсан жауаптар

05 ноя 2024, 21:28
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
2
0

Қазақ тілі 9 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

ТЖБ Қазақ тілі 9-сынып 2-тоқсан жауаптар

«Қазақ тілі » пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017», «Адам құқығы мен
бостандығы» бөлімдері бойынша
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып, мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың рөлін
анықтаңыз. Көтерілген мәселені өмірмен байланыстырып, сыни тұрғыдан көзқарасыңызды
білдіріңіз. Пікіріңізді жан-жақты тұжырымдап, мысалдармен дәлелдей сөйлеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдап, оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ
қойыңыз. Талқылауға белсене қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
Транскрипт
1-мәтін
ЭКСПО дегеніміз не? Оның бізге берер пайдасы қандай? Ол не туралы болмақ?
ЭКСПО — индустрияландыру символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін
назарға салатын халықаралық көрме. «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті
өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық
дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған
елінен миллиондаған адам қатысады. Бәсі биік бәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден
бекер емес. Оған бірнеше факторлар ықпал еткендігі аян.
Біріншіден, елордамыздың әлемдік-деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық
ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды.
Екіншіден, таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары
жоғары бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде де оның даму келешегі кемел екенін
айғақтай түседі.
Үшіншіден, біздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз
жеңіске жетуімізге көмектесті. Көп жылғы тарихы бар «ЭКСПО» көрмесі техникалық және
технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен
мәдениетін көрсету үшін өткізіледі. Бұл көрме бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және оны
тамашалаушы миллиондаған адамның назарын өзіне аударатын ірі оқиға болып саналады.
Сонымен қатар «ЭКСПО» көрмесі экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа
үрдістерін қалыптастыру алаңы қызметін атқарады.
2-мәтін
Франция ЕХРО-ға қатысуды жақсы дәстүрге айналдырған. Ұзақ жылдар бойы
сіздің ел осы көрме арқылы өз жетістіктерін таныстырып келеді. Астанадағы шараның
ұйымдастырылуын қалай бағалайсыз?
Паскаль Лоро, Франция павильонының бас комиссары:
– Қазақстанға қысқа уақыт ішінде тұтастай кешен салып, оған 115 мемлекет пен 22
халықаралық ұйымның павильонын орналастыру керек болды. Бұл міндетті сіздер мінсіз
орындап шықтыңыздар. Ұйымдастырушыларды осы жетістіктерімен құттықтау керек деп
ойлаймын. Иә, біздің осындай шараларға қатысу, оларды ұйымдастыру бойынша
тәжірибеміз мол екені рас. Мен қазақстандық көрме халықаралық стандарттарға толықтай
сай деп айта аламын.
Париждегі атақты Эйфель мұнарасы ЕХРО-ға арнап салынғаны белгілі.
Астанадағы «Нұр Әлем» сферасы сол сияқты бүкіл әлем танитын көрікті ғимаратқа
айналуы мүмкін бе?
Паскаль Лоро, Франция павильонының бас комиссары:
– Біздегі Эйфель мұнарасы Францияның символы ғана емес, ол – бүкіл әлемде бәрі
танитын көрікті нысан. Бірақ оның құрылысы басталғанда француздардың көбі жақтырмай, 



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.