БЖБ Алгебра, 8-сынып 3-тоқсан жауаптар «Статистика элементтері»
«Статистика элементтері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Алгебра 8-сынып 3-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып оқушыларына «Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім /ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардыңң оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Алгебра, 8-сынып 3-тоқсан жауаптар «Статистика элементтері»
«Статистика элементтері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы
Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу
Оқу мақсаты 8.3.3.2 жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер
гистограммасы арқылы беру
8.3.3.3 жинақталған жиілік анықтамасын білу
8.3.3.5 дисперсия, стандартты ауытқу анықтамаларын және
оларды есептеу формулаларын білу
Бағалау критерийі Білім алушы:
Интервалдық кестенің деректері бойынша гистограмма салады
Жинақталған жиіліктің анықтамасын қолданады
Дисперсия мен стандартты ауытқуды есептейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. Кестеде мектептегі оқушылардың жастары туралы мәлімет берілген. Кестені пайдаланып
мәліметтерді гистограммамен беріңіз.
Жасы 7 - 9 9 - 11 11 - 13 13 - 15 15 - 17 17 - 19
Бала саны 240 272 230 280 220 60
[2]
2 . Супермаркетте 65 сатып алушының кезекте тұрып күту ұзақтықтары зерттелді. Төмендегі
күту ұзақтықтары кестесін толтырыңыз:
Күту ұзақтығы (t)
секунд
Жиілік Жинақталған
жиілік
2
9
21
39
26
[2]
3. Кестеде 20 күнде сабаққа келмеген оқушылардың саны көрсетілген.
Келмеген оқушылардың саны 0 1 2 3 4 5
Күндердің саны 3 5 5 4 2 1
Егер стандартты ауытқу 1,5-тен кіші болса, онда қалыпты жағдай болып саналады. Кестедегі
берілгендерді пайдаланып, табыңыз:
а) дисперсияны;
b) стандартты ауытқуды;
с) кестедегі берілген жағдай қалыпты бола ма?
Cкaчaть документ