БЖБ Қазақ тілі (Т1) 4-сынып 1-тоқсан жауаптары «Менің Отаным – Қазақстан»
«Менің Отаным – Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі (Т1)» 4-сынып 1-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі (Т1)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі (Т1)» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Қазақ тілі (Т1) 4-сынып 1-тоқсан жауаптары
«Менің Отаным – Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 4.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын түртіп
алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын
айту
4.1.7.1 Сөз ішіндегі және сөз бен сөздің арасындағы буын,
дыбыс үндестігін сақтап айту
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді
анықтайды
• Тірек сөздердің көмегімен мәтіннің мазмұнын
айтады
• Әңгімелеу барысында үндестік заңын сақтап
сөйлейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Кестеге сүйеніп, мәтіннен негізгі тірек сөздерді түртіп ал.
Тірек сөздер
Мемлекеттің орны
Еліміздің табиғаты
Халқы
Негізгі белгілері
Азаматтық парызы
2-тапсырма
Кестедегі тірек сөздердің көмегімен мәтіннің мазмұнын айт
Cкaчaть документ