БЖБ Әдебиеттік оқу 3-сынып 3-тоқсан жауаптары «Өнер»
«Өнер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Әдебиеттік оқу» 3-сынып 3-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Әдебиеттік оқу 3-сынып 3-тоқсан жауаптары
«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым және айтылым
Жазылым
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған
жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық,
таңдауына қарай мазмұндау, сахналау
3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді
қолдана отырып жеткізу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінге жоспар құрады
• Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айтады
• Сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
• Мәтін кім туралы? _______________________________________________
• Сұрақтардың көмегімен мәтінге жоспар құр. Кестеге жаз.
Сұрақтар Жоспар
Сахнаға кім шықты? Ол не істеді? 1)
Тыңдаушылар қандай күйде болды? 2)
Халық әншіге қандай қошемет көрсетті? 3)
2-тапсырма
Көркем сөздерді қолданып, жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айт.
Cкaчaть документ