ТЖБ 4-тоқсан Дүниетану 2-сынып жауаптар
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
«Дүниетану» 2-сынып
Спецификация 2-сыныпта «Дүниетану» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтарды және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 7 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
ТЖБ 4-тоқсан Дүниетану 2-сынып жауаптар
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Дүниетану» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Көкжиек тұстарын анықтауға арналған құралды анықта.
А) сағат
В) тұсбағдар
С) термометр
D) секундомер
[1]
2. Суретке мұқият қара. Сұрақтарға жауап жаз.
1) Мектептің батыс жағында қандай нысандар бар? Жаз.
___________________________________________________________
2) Мектептің шығыс жағында қандай нысандар бар? Жаз.
___________________________________________________________
[2]
3. Берілген пікірлер ақиқат па? Кестені толтыр.
Пікірлер иә/жоқ
1) Көктайғақ, боран, қуаңшылық жануарлар үшін қауіпті.
2) Күн көзінің жылуы адамдар, өсімдіктер мен жануарлар
үшін өте маңызды.
[2]
Cкaчaть документ