КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК 9 класс 1-билет 1. Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр. Бірде қария немересіне: «Балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді; от өмірге жалын береді; тұз астың дәмін келтіреді; қыз өмірдің сәнін келтіреді; ақыл өмірдің мәнін келтіреді. Адамға ақыл беретін – ата-ана, ұстаз, досың. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады», - деген екен 2. «Отбасындағы асыл адамдар» тақырыбы бойынша әңгімеле. 3. Берілген тұрақты тіркестің мәнін ашып, фонетикалық талдау жаса. Көзінің ағы мен қарасындай
1-билет 1. Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр. Бірде қария немересіне: «Балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді; от өмірге жалын береді; тұз астың дәмін келтіреді; қыз өмірдің сәнін келтіреді; ақыл өмірдің мәнін келтіреді. Адамға ақыл беретін – ата-ана, ұстаз, досың. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады», - деген екен 2. «Отбасындағы асыл адамдар» тақырыбы бойынша әңгімеле. 3. Берілген тұрақты тіркестің мәнін ашып, фонетикалық талдау жаса. Көзінің ағы мен қарасындай
2-билет 1. Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Отбасы бақытының негізгі кілті – сыйластықта. Сыйластық болған отбасында береке де, бірлік те болады. Сыйластық тек отбасында ғана емес, адамдар арасында да, достар арасында да өте маңызды. Барлық адамдардың ойын, пікірін, іс-әрекетін түсінуге тырысу керек. Басқа адамдарды түсінуге тырысу – сыйластық кілті. 2. Ө.Тұрманжановтың «Сіз», «біз» деген - жылы сөз» өлеңін жатқа айт. 3. Берілген сөздегі кейінді ықпалды түсіндіріп, фонетикалық талдау жаса. Халқымыз