ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ПОРТАЛ- КТП,КСП,ҚМЖ,ТЖБ,БЖБ,СОР, СОЧ

«Осындай мамандық бар» презентациялар байқауы

Мамандықтың бәрі жақсы, қажеттісін таңдай біл.

Тақырыбы: «Осындай мамандық бар» презентациялар байқауы
Мақсаты: Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарастарын дамыту, алда мамандық таңдауда дұрыс бағдар беру.
Міндеті:
1.Мамандықтарды талдай білуге үйрету.
2.Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету.
Барысы:
Мамандық алғың келе ме,
Мамандық өзі немене?
Айналаң толған мамандық,
Айналаң толған өнеге.
Мамаңдық таңдау – ертеңді ойлау.
•Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек.
•"Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген.
Перейти на сайт