ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ПОРТАЛ- КТП,КСП,ҚМЖ,ТЖБ,БЖБ,СОР, СОЧ

2020 - 2021 оқу жылына арналған тәрбие жоспары

2020 - 2021 оқу жылына арналған
орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

I. Орта білім беру ұйымдарында тәрбие процесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету.
Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық базасы келесі құжаттардан тұрады:
1) Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
3) Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексі;
4) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы;
5) Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;
6) Қазақстан Республикасының «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі №169-VI Заңы;
7) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
9) Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы.
10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.
Перейти на сайт