Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Көрнекілігі: плакаттар, нақыл сөздер. Тілектер: «Ұлық бақты болсын, төрт түлік ақты болсын», «Дастарқан берекелі болсын!», «Жыл басы Наурыз, Мол болсын дәм тұз!» Әуен ойналып тұрады.
Барысы: 1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын! 2 - жүргізуші: Наурызым қайта оралды аты аңыз, Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз. Үй - дастархан, даламыз сахнамыз, Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!
1 - жүргізуші: Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып, Қыс та ұзап барады жылап тұрып. Шатырында үйлердің Наурыз да жүр, Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
Скачать 22 наурыз мерекесіне арналған сценарий. Қош