Тип файла
Тип файла
ВЫБРАТЬ КЛАСС / СЫНЫП
Вид объекта
Сфера деятельности
Марка автомобиля
Настройки поиска




File engine/modules/userbox.php is in the folder, which is available to write (CHMOD 777). For security purposes the connection files from these folders is impossible. Change the permissions on the folder that it had no rights to the write. Написать автору
Все материалы
Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
Тәрбие сағатының барысы: Наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол - тіршілік арқауы - тамақ. Малдың қыстан аман шығуы, оның өсіп - өніп төлдеуі. #Қазақ #халқы үшін үлкен #мейрам - #жаңа #жыл болып саналған. Жыл басы - Наурыз халқымыздың салтында ойын - күлкінің көркі мен сәні Қожанасыр, #Алдар көсе болған. Міне енді, сол ауылда болып жатқан #Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!» атты #тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Сабақтың тақырыбы: «Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Халықтың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сахналау өнеріне баулу.
Тәрбиелік: Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып, балаларға ұғындыру.
Сабақтың көрнекілігі: Сахнаны мерекеге сай безендіру, оқушылардың наурыз тақырыбына арнап салған суреттері, нақыл сөздер, ұлттық тағам түрлері, құрақ көрпе, мақал - мәтелдер, қабырға газеті.
Тәрбие сағатының жоспары:

1. Кіріспе
- Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы.
2. Негізгі бөлім
 Оқушылардың әдеби монтажы
 Көрініс «Күн мен түн»
 Қожанасыр мен Алдар көсенің қонаққа келуі
 Қазақтың салт - дәстүрі «Тұсау кесер»
3. Қорытынды бөлімі
 Көрініс «Ас атасы - нан»
 Наурыз көже
Тәрбие сағатының барысы: Наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол - тіршілік арқауы - тамақ. Малдың қыстан аман шығуы, оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам - жаңа жыл болып саналған. Жыл басы - Наурыз халқымыздың салтында ойын - күлкінің көркі мен сәні Қожанасыр, Алдар көсе болған. Міне енді, сол ауылда болып жатқан «Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
1 - оқушы:
О, жарандар, жараңдар, Бәрің мұнда қараңдар.
Наурыз той басталды,
Текке қарап тұрмаңдар.
2 - оқушы: Әуелесін армандар,
Үміті от боп жанғандар.
Бақ дарып, Қызыр қарасын,
Мерекеден қалмаңдар.
3 - оқушы:
О, жарандар, жараңдар, Тамашадан қалмаңдар,
Құс қанатты көңілмен,
Жер әлемді шарлаңдар.
4 - оқушы:
Оятып шың мен асқарды,
Ерітіп мұз бен ақ қарды Нұрландырған даланы,
Наурыз көктем басталды.

Бәрі бірге: Наурыз мерекесі баршаңызға құт - береке әкелсін! 1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар! Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мерекесіне айналған. Наурыз – бақтың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
2 - жүргізуші: Уа, халайық! Бұл Ұлыстың ұлы күні. Ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз күн мен түннің теңелер мезгілі. Қар еріп, жер жүзі көктеп, көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасаратын шақ. Бұл ата - бабаларымыз үй - үйді аралап, Наурыз көжеден дәм тататын күн.
1 - жүргізуші: «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын» десіп, өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен құшақтарын айқастырып табысатын қасиетті күн - Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын!
2 - жүргізуші:
Кел, балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық.
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық - демекші, бүгінгі 3 «Ә» сыныбында өткелі отырған«Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!» атты мерекелік думанға қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші: 22 - наурыз - аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн.
Шашу, шашу шашайық,
Ән - думанға басайық.
Наурыз келді далама,
Жаңа жыл келді ауылыма (шашу шашылады)
Шашу шаштық болсын деп аман халқым,
Болған соң мұндай дәстүр жақсы салтым.
Шашуды тер, мол болсын деп несібелі
Келер жылға жетсек деп аман - есен.
2 - жүргізуші:
Бұл әлемде мереке көп,
Қуанышты, әдемі!
Ал біз үшін ең жақсысы
Қымбатты Наурыз мейрамы!
1 - жүргізуші:
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»- деп Абай атамыз жырлағандай ортаға әнші қызымыз Утепберген Динараның орындауында «Дастархан» әнін тамашалаңыздар.
2 - жүргізуші:
Ал, халайық т ұрмайық,
Әндетейік, шырқайық
Дөңгелесін бишілер,
Ортамызды ашайық. Енді тамашалайтындарыңыз « Қазақ биі» Қол соғып, қошеметпен қарсы алыңыздар.
5 - оқушы:
Наурызым міне келді жайраңдаған,
Ынтымақ пен достық бір сайраңдаған
Мол дастархан ақ ниет ырыс толған,
Көктемнің бұл күніне қайран қалам.(Наурыз кіріп келеді)
Наурыз:
Сәлем - анам алтын Күн
Сәлем қарты халқымның
Уақытыма риза боп
Бақытыма шалқыдым
Скачать Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
Для того, что бы получить доступ к файлам, вам необходимо Войти или Зарегистрироваться

Войти на портал с помощью социальных сетей

Google

Комментарии (0)
Написать
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.