File engine/modules/userbox.php is in the folder, which is available to write (CHMOD 777). For security purposes the connection files from these folders is impossible. Change the permissions on the folder that it had no rights to the write.
Написать автору
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
9.4.1.1 электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және оларға мысалдар келтіру 9.4.1.2 ерітінділер мен балқымалардың электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіру
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар: Электролиттер мен бейэлектролиттерді ажырата білу. Оқушылардың басым бөлігі: электролиттер» және«бейэлектролиттер» ұғымын қалыптастыру, ерітінділердің электр өткізгіштігі заттың кристалдық құрылымына және химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін көрсету. Кейбір оқушылар: атомда электрондардың орналасу тәртібі мен заңдылығын және элемент қасиетінің өзгеру себебін түсіне отырып, атом құрылысы туралы білімдерін жетілдіреді
Жетістік критерийлері
Электролиттер мен бейэлектролиттерді ажыратады Электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын біледі және оларға мысалдар келтіруді пайдаланады - Білімдерін жетілдіреді, ізденеді, көзқарастарын кеңейтеді