Тип файла
Тип файла
ВЫБРАТЬ КЛАСС / СЫНЫП
Вид объекта
Сфера деятельности
Марка автомобиля
Настройки поиска


ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ПОРТАЛ / СРЕДНЕЕ ОБРАЗОВАНИЕ / Старшая школа / Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес) 7-сынып

File engine/modules/userbox.php is in the folder, which is available to write (CHMOD 777). For security purposes the connection files from these folders is impossible. Change the permissions on the folder that it had no rights to the write. Написать автору
Все материалы
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Оқу мақсаты Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз
пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру
А4. Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің
тілдік құралдарын талдау

Бағалау критерийі Білім алушы
• Өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстырады
• Автор берген мінездемені анықтайды
• Мінездемедегі тілдік құралдарды талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, не туралы айтылатынын анықтаңыз. Өз пікіріңізді
өзгелердің пікірімен салыстырыңыз.
Ұлы Жібек жолы
Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда
жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл
тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа
да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке,
сауда жолдары ашылды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды.
Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір
тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп
аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет
өнерінің керемет үлгісі болып табылады.
Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі
қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн
Мұхаммед шыққан қала.
Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да
жатады. Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да,
экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған.
Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп
атаған. Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында
түрлі шеберханалар, наубайханалар орналасқан. Ертеде Тараз қаласындағы сауда
базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген
дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.

Скачать Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Для того, что бы получить доступ к файлам, вам необходимо Войти или Зарегистрироваться

Войти на портал с помощью социальных сетей

Google

Комментарии (0)
Написать
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.